• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 17 МАЯ 19
    • 0

    Мерекелік жиналыс

    8 мамыр күні ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» әкімшілігі қатар келген Ұлы Жеңіс күнін және Медбикелер төл мерекесі күндерін біріктірген салтанатты жиналыс өткізді. Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Адам жанының арашасы дәрігерлер және медбикелер! Медбикелер күні қарапайым мерекелердің қатарында қалмай әлдеқашан беделді мерекелердің біріне айналған.

    Халықаралық медбикелер күнін денсаулық сақтау саласының орта буын қызметкерлерінің ерен еңбегінің дүйім жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады. Стоматология саласының медбикелерінің қызметінің өзіндік ерекшелігі бар. Жүгіріп капельница дайындамағанмен де тіс емдеп жатқан дәрігердің қас-қабағынан ұғып қажетті пломбаны дәл мөлшерлеп дайындап, қазіргі кезде саны көп материал және құрал түрлерін жатқа ажыратып әр тістің өзінің ерекшелігіне және жасалып жатқан небір қиын оталардың кезінде қажетті құралдарды дәл тауып тұру да жылдар бойы жиналып келетін тәжірибемен қатар мамандығыңа деген құрмет пен кездесетін қиындыққа мойымайтын шыңдалған сабырды қалыптастырады. Стоматология орталығы мекемесінің тарихы ширек ғасырды қамтиды. Соған сәйкес медбикелер арасында біршама ардагер медбикелер баршылық. Атап айтқанда Зинеш Нәбиханова, Қатира Исмагулова, Светлана Сариева, Ынтазар Жолдыбаева, Анна Рогинская, Надежда Опанасюк тәрізді мамандарымыз салтанатты жиналыстың арнайы қонақтары болып шақырылды. Мекемеде жұмыс жасап жүрген медбикелердің бірқатарына кәсіподақ ұжымы және әкімшілік атынан «Алғыс хат» тапсырылса, бірқатарына бағалы сыйлықтар берілді. Ораза айына сәйкес бұл жиналыстың өзіндік ерекшелігі болды. Әр бір дәрігер өзінің медбикесіне және медбикелер өзара бір-біріне сыйлық табыстауы қажет болып шешілді.

    Медбикелерді директор Қ.Машырықов құттықтап, бөлімше меңгерушілері, дәрігерлер, әріптестер, ардагерлер сөз алып құттықтаулар айтылып, сыйлықтар ұсынылды.

     

    Дюсегалий Камила , Облыстық стоматология орталығы

     

    Leave a reply →