• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 01 МАР 19
    • 0
    Стоматология өз зейнеткерлеріне Алғыс айтты

    Стоматология өз зейнеткерлеріне Алғыс айтты

    Елбасымыз Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді» — деген болатын.

     

    ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» басшылығы осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні болып бекіткен атаулы күнін биыл үшінші рет өткізді.

    Ұжымның қалыптасуы ширек ғасырды құрағандықтан, мекемеге, оның ішінде медицинаның стоматология саласына өзіндік үлесін қосып, халық үшін еңбек еткен біршама зейнеткерлер бар. Әр бір атаулы күндері, төл мереке күндері зейнеткерлерді, ардагерлерді назардан тыс қалдырмай кезекпен шақырып сый-сияпат көрсету үрдісі дәстүрге айналған десем артық емес.

    Бүгінгі Алғыс айту күніне зейнеткер дәрігер стоматолог маман Сәрсенова Рысты Қабиқызы, мейірбике Нәбиханова Зинеш, есепші Дәлубаева Елеш апаларымыз ұжым атынан кезек бойынша марапатталушылардың тізіміне енгізіліп, тиісті сый құрметтер көрсетіліп, Алғыс айтылды.

    Дәрігер стоматолог Сәрсенова Рысты Қабиқызы 25 қыркүйекте 1948 жылы Маңғыстау облысында өмірге келген. Алматы мемелекеттік медициналық институтын 1971 жылы бітіріп интерн болып Маңғыстау аудандық ауруханаға жолдамамен келеді.

    1974 – 1981 жылдар аралығында Тұщықұдық учаскелік ауруханада қызмет жасады.

    1981 жылы жанұя жағдайына байланысты облыс орталығына Ақтау қаласына қоныс аударып осы стоматология емханасына жұмысқа орналасады.

    Қызмет барысында Рысты Қабиқызы білікті маман, ақылшы ұстаз, өнегелі ана ретінде көпшіліктің, орталыққа келуші халықтың, ұжымның мақтанышы ретінде көріне білді. Еңбегіне қарай мекемеден және облыстық ардагерлер кеңесінен марапаттарға ие болған. Еңбек ете жүріп ауыз қуысының кілегей қабатының қабынулары, тіс жегісі және асқынуы, сауықтану туралы қызмет көрсетті. Зейнеткерлікке 2006 жылы шыққан , содан бері де 2016 жылға дейін қызмет етіп келді.

    МейірбикеНабиханова Зинеш апайымыз – 1950 жылы 14 желтоқсанда Маңғыстау облысында өмірге келген. Гурьев медицина училищесін 1969 жылы бітірген.

    Алғашқы еңбек жылдары 1969 – 1999 жылға дейін Форт Шевченко қалалық ауруханасында өтеді. Емханада 1999 жылдан бастап еңбек етіп келді. Колледж түлектеріне өз еңбек жолы бойынша көптеген қажетті ақыл-кеңес, нұсқауларын беріп отыратын. Зейнет жасына 2009 жылы шыққанымен, мекемеде 7 жыл жұмыс жасады.

    Далубаева Елеш — 1 августе 1952 жылы Маңғыстауда өмірге келген. 1974 жылы Қазақстан тұтынушылар Одағының Ақтөбе кооперативтік техникумын бітірген.

    1968 жылы мектепті бітірген бойда есепшінің үйренушісі болып сауда мекемесіне кіріп өз еңбек жолын бастап кеткен. 1969 жылдан 1977 жылға дейін сол мекемеде есепші болып жұмыс жасаған. 1977 жылы жанұя жағдайына байланысты Маңғышлақ станциясына келіп астық тарату базасына есепші болып орналасады. Жұмысы ескеріліп бас есепшілікке ауыстырылып 2002 жылы база таратылғанша жұмыс жасайды. Кейін «Маңғыстау-консалтинг» мекемесінде кассир, УВД емханасында бас есепші жұмысын атқарып келіп осы емханаға 2006 жылдан бастап орналасады. Содан бері өз қызметін адал атқарып халықтың жалақысын есептеп беріп кемшіліксіз жұмысын жасап келеді. Зейнетке 2010 жылы шыққанымен осы мекемеден біраз жыл қызмет етіп 2016 жыл өз еркімен босатылды.

     

    Жалпы стоматология ұжымында мамандар арасындағы ауыз біршілік,адами қарым-қатынас жоғары қойылған. Облыс көлеміндегі барлық жеке кабинеттермен, зейнеткер мамандармен, ардагерлермен тығыз қарым-қатынаста болып халыққа үздіксіз сапалы көмек көрсету стоматолог мамандардың басты мақсаты. Қоғамның өзі адамдардың қарым-қатынасынан тұрады, күнделікті қарым-қатынасты алғыс айту арқылы білдіріп отырсақ, керемет емес пе?! Ізгі амалдардың бірі де осы алғыс айту арқылы жүректі жылыту болып табылады.

    Ендеше Облыстық стоматология орталығы ұжымы осы мерекені пайдаланып барлық әріптестерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге Алғыс айтады.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Кадр маманы

     

    Leave a reply →