• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 28 ФЕВ 20
    • 0
    Алғыс айту  күні

    Алғыс айту күні

    Қазақстан Республикасы  Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы  № 173 жарлығына сәйкес  1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі.

    Қазақстанда Алғыс айту күні – татулық пен келісім саясатының символы.

    Алғыс айту күнін мерекелеудің барлық алгоритмі басты мақсаттың іске асырылуына – Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтуға, қоғамдық келісім, қайырымдылық, әлеуметтік ынтымақтастық пен өзара қолдау көрсету дәстүрлерін дамытуға ықпал етуі тиіс.

    Аталмыш іс-шараны жүзеге асыру мақсатында ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» МКК-нің бірқатар ардагер мамандарына Алғыс айтып, құрметтеп, ұжым атынан сый-сияпатымызды білдіріп қайттық.

    Раушанова Алтынай Ауданбайқызы – шаруа бике, мекемеде 30 жылдан астам қызмет етіп, зейнеткерлік жасқа жетіп, қазір отбасының ұйытқысы болып отырған ардақты ана. 2 ұл 2 қыздан  16 немересі бар. 1 наурыз күні 65 жасын тойлағалы отыр.

    Оңдасынова Жолбибі – еден жуушы,  25 ақпан күні мерейлі 70 жасқа толған,  бірқатар жыл мекеменің тазалық жұмысына жауапты болып,  2008 жылы зейнеткерлік жасқа толып  жұмыстан босаған.

    Досимова Ұлдамен Жұмашқызы – шаруашылық меңгерушісі, зейнеткер. Қызы Регина  медбике.

    Бұл күнде зейнеткерліктің жемісін теріп отырған, қоғамдық жұмыстан қол үзгенмен, саналы ұрпақ тәрбиесіне мән беріп, немерелерін қызықтап, тәрбиелеп, әлдиін айтып отырған ардақты Аналарымызды 1 наурыз Алғыс айту күні қарсаңында шын  ниетпен ұжым атынан құттықтап, Алғысымызды білдіреміз.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

    Leave a reply →

Photostream