• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 28 ИЮН 19
    • 0
    Ақтауда 2 күндік  мастер – класс                          «Эндодонтиядағы  проблемаларды шешу»

    Ақтауда 2 күндік мастер – класс «Эндодонтиядағы проблемаларды шешу»

    Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР эндодонтиялық пародонтологтар

    қауымдастығының президенті, БҚС вице — президенті Копбаева Майра Тайтолеуқызы ағымдағы жылдың маусым айының 27- 28 -і күндері ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» базасында екі күндік мастер класс өткізіп жатыр.

    Майра Тайтолеуқызы бірінші күні-ақ стоматологиялық көмекке жүгінген бірқатар науқастарға тегін кеңес беріп, емделу жолдарын түсіндірді.

    Маңғыстау стоматолог мамандарына медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Көпбаеваның дайындап түсіндіріп оқитын лекциясы, да көрсетіп жатырған мастер класы да тақырыбы айқындап тұрғандай эндодонтиялық емдеудің заманауи тиімді жолдары.

    М.Копбаеваның келуі туралы облыс көлеміндегі барлық стоматологтарға алдын-ала хабарланған, қатысушы көп болды. Өз кәсіби деңгейін көтеруге немқұрайлы қарамайтын тіс мамандары үшін жүргізіліп жатырған кешенді бағдарламаның берер пайдасы өте мол.

    Қолымыз көп жете бермейтін Майра Тайтолеуқызы тәрізді білікті де бірегей маманның Маңғыстау өлкесіне ат басын тіреп, дәрігерлерімізге қолжетімді бағада сабақ жүргізіп, оқытып, көрсетіп, аз уақытта көтеріңкі мәселелерді қамтып отыру мүмкіндігі жиі бола бермейді. Универ қабырғасынан кеше шыққан мамандар үшін де, еңбек өтіліне де жеке тәжірибесі де көп мамандар үшін де оқудың, ізденудің артықшылығы жоқ!

    Сондықтан, облыс мамандары мүмкіндікті жібермей, білімдерін көтеріп, мастер класқа қатысып Майра Тайтолеуқызына алғыстарын білдіріп, рахметтерін жаудыруда.

    Камила Дүйсеғалиқызы

    Leave a reply →

Photostream