• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 02 ИЮН 18
    • 0
    Балаларды қорғау күні

    Балаларды қорғау күні

    1 –маусым күні таңертеңнен түрлі іс шаралар жүргізіле бастап балаларды қорғау күні аталып өтіледі. ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» мамандары бұл шараға бей-жай қарап қалмай, қызметкерлер қаражат жинай бастады. Әр бір қызметкер өз жүрек қалауынан шыққан қаражатты ұйымдастырушыларға әкеп беріп жатты. Жиналған қомақты ақшаға 1 шағын ауданда өзімізге іргелес орналасқан Психо-неврологиялық балалар интернаты тәрбиеленушілеріне қажетті сыйлық: шаңсорғыш, ойыншықтар, памперс беруге жұмсады. Туғаннан жарым жан боп өмірге келген балалардың денсаулығындағы кінәратты көзіміз көргенмен, олардың жүрегіне терең бойлап қарамаймыз. Ауру бала ғой, Құдай аясын дейміз де немқұрайлықпен жүре барамыз. Мейірім шапағаты мол бір Алла әрине оларды өз панасына алады. Ал біз, адамдар, неге оларға көмектеспеске. Олардың сәби жүректері тұнып тұрған тазалық, адалдық қой! Осы бір мереке күні ғана, Ораза күндерінде ғана емес барлық уақытта да бір-бірімізге мейірім төгіп, шуақ шашып, адамшылықпен жәй ғана қал-жағдайын сұрайтын қарапайымдылықтан арылмайық, адамдар!

    Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз және де арта түседі.

    Осы мерекені тойлаудың басты миссиясы – жұртшылық назарын проблемалы балаларға, олардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз елінің толық және бейбіт азаматы ретінде өсуіне көз жеткізу болып саналады.

    Балаларды қорғайық, себебі бақытты балалық шаққа олар лайықты!!!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Облыстық стоматология орталығы

     

    Leave a reply →

Photostream