• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 11 АПР 19
    • 0

    «Дүниежүзілік денсаулық күнін» өткізу туралы

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 2019 жылдың 1-10 сәуір аралығында кең көлемде іс шаралар өткізілді.

    Шара аясында ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» әкімшілігі қала мектептерінде тіс күтімі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда № 5 орта мектепте дәрігер стоматолог Досимова Жамиля Қансейтқызы мен медбике Лукпанова Збайда Темірқызы балаларға тіс гигиенасы, тіс күтімі туралы қажетті толық ақпарат беріп арнайы қалталарға салынған тіс щеткаларын, тіс пасталарын таратты.

    Тіс күтімі – денсаулықтың кепілі. Қала бойынша 4 орта мектепте профилактикалық жұмыс жүргізетін тіс кабинеттері жұмыс жасайды. Мектептегі тіс маманының үнемі оқушылардың ауыз қуысын тексеріп, кеңес беріп отыруы бала денсаулығы үшін үлкен рөл атқарады.

    Дәрігер маманмен қоса, мұғалімнің, ата-ананың әсіресе ауыз қуысына мән беріп жиі стоматологта болып отыруы болашақта дені сау азаматтың қалыптасуына ықпал етеді. Ауыз қуысының күтімінде тіс тазалығы өте маңызды. Балалармен жұмыс жасауды машықтанған мамандар арнайы тіс щеткаларын және тіс құрылғыларын алып барып мектеп балалрымен жеке-жеке жұмыс жасады.

    Көрнекі құралдарды пайдалана біліп, бала көңілінен шығып, тіс күтіміне біраз мағлұмат берген дәрігер стоматологтардың еңбегі зая кетпей, балалар денсаулығы үшін пайдаға асатын құнды іс шара болды.

     

    Камила Дюсегалий.

    Облыстық стоматологиялық орталық

     

    Leave a reply →

Photostream