• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 12 ФЕВ 18
    • 0
    Жүрек — өкпе  реанимациясы

    Жүрек — өкпе реанимациясы

    10 ақпан күні облыстық стоматологиялық орталығында «Альмет Трейд» ЖШС оқу орталығының ұйымдастыруымен Basic Life Support (BLS) бағдарламасы бойынша «Жүрек — өкпе реанимациясы» тақырыбында тегін оқу курсы өткізілді. Аудитория мемлекеттік және мемлекеттік емес стоматологиялық жеке кабинеттерінен қала, аудандарынан 24 маманды қамтыды.

    Жүрек — өкпе реанимациясының негізгі ережелерін сақтап жұмыс жасай білу — қайсымыз болмасын мұны біз жасамаймыз, біздің басымыздан өтпейді деп үміттенеміз. Тісін емдеп жатқан науқастың немесе кез- келген мезетте адамға қолайсыз жағдай туындап, алғашқы көмек көрсету кездері ойламаған жерде қажет болып қалады. Осындай кезеңде біз қандай нақты әрекет жасаймыз, нені білуіміз қажет? Мейлі жүрек ауруын емдейтін кардиолог маман дәрігер болмайық, қарапайым адам ретінде де не нәрсе білуіміз қажет?

    Бүгінгі «Альмет Трейд» ЖШС мамандарының оқу курсын жүргізудегі мақсаты, негізгі жұмысы – жүрек -өкпе реанимациясы туралы ең басты қажетті мағлұматтарды бере отырып жүргізілетін кешенді шараларды көрсету, таныстыру, тыңдатып үйрету болды.

    Бұл оқудың пайдасы – жағдай туындаған кезде тез және нақты әрекет ете отырып өлімді шегіндіріп, адамды өмірге қайта әкеле білу. Әрине дұрыс көмек бере алғанда көптеген адамдардың әлі де тірі жүретіні құпия емес.

    Оқуға қатысушы мамандар науқастың немесе зақымданушы ағзасының барлық функцияларын қалпына келтіруге арналған шаралар кешенімен толықтай танысып, тыңдап, танысып, пікір алмасып жұмыс барысында толықтай пайдалана білуге мүмкіншілік алды.

    Қатысушыларға 2 жылға жарамды Сертификаттар табысталды.

     

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream