• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 19 СЕН 17
    • 0
    Имплантация тақырыбындағы семинар сағаты

    Имплантация тақырыбындағы семинар сағаты

    Ортопедия бөлімінің маман дәрігер стоматолог ортопеді Сүлеймен Бекболат Мұстахимұлы «Имплантация» туралы семинар сағатын өткізді. Семинарға мекеменің терапевт, хирург, ортопед, ортодонт және тіс техниктері мен медбикелер қатыстырылды.

    Тісін жұлдырған немесе тіссіз қалған тіс жоқ адамның алдында 3 түрлі таңдау бар:

    1. Тіссіз жүру; 2. Протез салу; 3. Имплант салу.

    Қазіргі уақытта заманауи үрдіске қарай жастар да ересектер де тіссіз жүргеннен және алмалы салмалы тіс протездерінен көрі имплантқа жүгінеді.

    Жаққа бекіту арқылы салынатын тіс имплантация қаражат көп қажет ететін болғанымен өз тісіңіздей етіп салынып, күлгенде ажарыңызды ашатын ақ маржандай тіске не жетсін!

    Қазіргі уақытта ортопедия бөлімінде имплантация жасау жақсы жолға қойылған. Өз баяндамасында күнделікті тәжірибе жұмысынан мысалдар келтіре отырып Бекболат Мұстахимұлы түсінікті етіп жеткізіп, біраз мағлұматтар берді. Соңынан маман хирургтер мен терапевтер сұрақтар қойып, пайдалы да маңызды сағат өткізілгенін көрсетті.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы, кадр маманы.

     

    Leave a reply →

Photostream