• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 11 НОЯ 17
    • 0
    Кезекті семинар тақырыбы – тіл аурулары

    Кезекті семинар тақырыбы – тіл аурулары

    Қараша айының 10-ы күнгі семинар сабағы тіл аурулары тақырыбында өрбіді. Жоғары санатты дәрігер стоматолог маманы Санахаева Айман Болғанбайқызы және екінші санатты дәрігер стоматолого Қойбағарова Азиза Абзалқызы тақырыпты жан жақты аша білді. Күнделікті жұмыс барысында және өмірде кездесіп жүрген тіл аурулары, олардың түрлері және тіл ауруның емделуі сондай-ақ тіл ауруының алдын алу туралы кеңінен мағлұмат берілді. Көрнекі құрал ретінде жара пайда болған кез, аурғанға дейінгі жазылған кездегі суреттер қолданылды. Мамандардың еңбек өтілдері жеткілікті, күнделікті жұмыс барысында кездесіп жүрген және өте сирек кезедесетін де тіл аурулары туралы айта кетті. Әсіресе Санахаеваның түсіндірмесінде аудиториямен жұмыс жасау қамтылды. Сұрақтар қойылып, қызу талқыланып өткізілді. Маман дәрігерлердің қабылдауы, ынта қойып тыңдаулары көрініп отырды. Бұл шаралар мекемеге қабылданып, ұжымға жаңадан қосылып жатырған жас мамандардың тәжірибе жинақтауына және ұжыммен тығыз араласуына, пациенттермен байланыс орнатуына тәжірибеде көрген ауру немесе жұмыстарытуралы түртіп, қажет кезінде пайдалана білуіне де ықпал етеді. Екі маман бірлесе жүргізген бұл семинар сабақтары жоғары форматта өткізіліп көзделген мақсатына жетті.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

     

    Leave a reply →

Photostream