• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 17 АПР 17
    • 0
    Кезекті сенбілік

    Кезекті сенбілік

    Бұл жолғы сенбілікке мекеменің 1 және 2 қабаттағы кабинеттерде қызмет жасап жүрген маман қызметкерлері қатыстырылды.

    Бірінші қабат әкімшілік мамандар бөлімі, есепшілер, тіркеу бөлімі, киім ілуші қызметкерлері болса, екінші қабаттан ересектер терапевт стоматологтері, хирург мамандар шықты.

    Әдеттегідей тізім бойынша жасайтын жұмыс тізбесі бекітілген қызметкерлер ұйымшылдықпен әкетеу, сырлау сұйықтықтарын құйып алып, сырлайтын құралдарын алып жұмыстарына кірісіп кетті.

    Директордың өзі бастап күректі қолға алып ер азамат жігіттер ағаш түптерін қопсытуға жұмылдырылды.

    Табиғат аясында әзіл күлкімен сағат 8.30 да басталған сенбілік сағат 12.00 де аяқталып, пайдаланылған құрал саймандар шаруашылық меңгерушісіне тапсырылды.

    Б. Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream