• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 02 МАЯ 17
    • 0
    Маңғыстау стоматология орталығы «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін» ерекше атап өтті

    Маңғыстау стоматология орталығы «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін» ерекше атап өтті

    1 мамыр мерекесін ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» қызметкерлері биыл өзгеше қарсы алуды ұйғарды. Барлық ұлттардың арасындағы достықты нығайтып ынтымағын жарастыратын айтулы күні ұжым мүшелері қырғыздың ұлттық киімдерін киіп, сол халықтың ақпейілділігі, қонақжайлылығын көрсетуді алға қойды.

    Бөлімше меңгерушілері Ажигулов Тохтар Өтепбергенұлы мен Бақытжанов Ғалымжан Қоянбайұлы қырғыз ағайынымыздың айыр қалпағын, оюлы шапанын киіп қырғыздың биін билеп, әнін айтып, барынша ұқсап бақты.

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша тойланып келеді. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор.

    1995 жылы — Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.

    Біздің ұжымнан басқа медицина ұжымдары да өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп шығып, бірлігі жарасқан медицина мекемелерінің легін көрсетіп сап түзеп, мерекенің сәнін келтірді.

    Айта өтейік, ғаламтор желісі бойынша 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін әлемнің 140 елі атап өтеді екен.

     

    Мерекелік шолу жүргізген Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream