• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 25 АПР 19
    • 0
    Медбикелердің семинар сағаты

    Медбикелердің семинар сағаты

    ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» орта мамандары, атап айтқанда медбикелер арасында мекеме бас медбикесі Сабақбаева Гүлбаршын Ысқаққызының ұйымдастырумен жоспарға енгізілген семинар сағаты өткізілді. Мекемедегі медбикелер саны 42.  Олардың бірнеше жылдан үздіксіз осы мекемеде қызмет етіп келе жатқан жоғары санатты ардагерлері де, жұмысқа орналасқанына көп бола қоймаған жастары да баршылық.  Күнделікті жұмыс барысында пайдаланылатын  нормативтер, заңдылықтарды және деонтология  қағидаларын семинар сағаты ретінде қайталап айтып отырудың маңызы зор.

    Кезекті семинар сағатын мекеме медбикесі  Батырғожина Қарашаш Беласарқызы жүргізді. Қарашаш Беласарқызы еңбек өтілі 27 жылды қамтитын білікті медбикелердің бірі. Баяндаған тақырыбы : «Стоматологиядағы санитарлық-гигиеналық талаптар».

    Стоматология — бұл тіс зерттеу,  тіс ауруларының этиологиясы мен патогенезі, ауыз қуысы мен бет-жақ аумағын диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерін зерттейтін клиникалық медицина саласы.

    Орталық 4 бөлімшені қамтиды, атап айтқанда хирургия, ортопедия, ортодонтия және терапия.
    Стоматологияның барлық бөлімшелері бір-бірімен байланысты және мамандар үнемі өзара әрекеттеседі, стоматолог мамандарымыз әр түрлі стоматологиялық патологияларды емдеудің ең тиімді әдістерін таңдап, науқастардың денсаулығын сақтау үшін мол мүмкіндіктерді ұсынады.  Медбике Қ.Батырғожинаның дайындаған тақырыбына сәйкес мекемедегі санитарлық  ережелер мен нормалар және оларға қойылатын талаптар жан-жақты қарастырылып, тыңдарманға жеткізіліп, әрі қарай жұмыс барысында пайдалану шаралары туралы айтылды. Санитарлық ережелердің талаптарын орындау жауапкершілігі осы ұйымның бірінші басшыларына, бөлімшелердің меңгерушілеріне жүктеледі. Ал оны әрі қарай орындау медбикелердің үлесі. Ұйым басшылығы санитарлық ережелердің негізінде жеке жұмыс түрлері бойынша өндірістік санитария жөніндегі қауіпсіздік техникасының нұсқауын әзірлеуге міндетті.

    Бүгінгі тақырып бойынша мекемеге емделуге келуші пациенттерге стоматологиялық көмек көрсете отырып, оларды зарарсыздандырылған құралдармен, дәрі-дәрмектермен сапалы ем көрсету және емдеу барысында ештеңе жұқтырмау туралы жан-жақты айтылды.

    Тақырыптың негізі – санитарлық нормалар, және оларды сақтай отырып жұқпаға бақылау жасау, бұл персонал мен пациенттің арасындағы жұқпалы ауру болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесін кеңінен қолдана білу.

    Қолданылып болған және қолданылатын құралдарды, материалдарды қатаң стерилизациядан өткізіп өңдеу жауапты мамандарға жүктеледі.
    Зарарсыздандыру және стерилизациялау тәртiбiне қойылатын талаптар сақталуы қажет.

    Мекемеде жұқпаны бақылау жүйесi әзiрленiп, ол iске енгiзiлуге, эпидемияны болдырмауға бағытталған қарсы шараларды жүзеге асыруға; мекеменің және персоналдарының жұқпаны бақылау бойынша базалық дайындығы болуы керек және осы салада өзiнiң бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыруы қажет; стоматологиялық ұйымдардың басшылары медицина қызметкерлерiнiң денсаулығын жұқпалы және жұқпайтын ауруларды кәсiби факторларының терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз етуi тиiс.

    Осындай семинар сағаттары арқылы білімдерін шыңдай түскен мамандарымыз арқылы мекеме, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының кез-келген уақыттағы  тексерулерінен өтіп отыруымыз қажет.

    Семинар соңынан кейін мамандар арасында өзара пікір алмасу жүріп, жұмыс барысында өте қажетті құнды ақпарат болып мамандардың көңілінен шықты.

     

    Дюсегалий Камила   Облыстық стоматологиялық орталығы

    Leave a reply →

Photostream