• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 19 ИЮН 17
    • 0
    Медицина қызметкерлері күні — 2017

    Медицина қызметкерлері күні — 2017

    ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы»  әкімшілігі  жұма күні  Медицина қызметкерлерінің төл мерекесін салтанатты түрде  өткізді.

    Ұжым директоры Қуат Сағидоллаұлы Машырықов   жетістіктеріне қарай марапаттауға ұсынылған қызметкерлердің Алғыс және Құрмет грамоталарын табыстады.

    Олар: атап айтқанда,  Ажигулов Тохтар Өтепбергенұлы  ортопедия бөлімінің меңгерушісі, 1 санатты маман стоматолог. 1997 жылдан бері осы мекеменің ыстық суығын көтеріп келе жатқан, қазіргі кезде жастардың ұстазы ретінде жүрген білікті маман, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасына ие болды.  Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының  Алғыс хатына ие болған медбике  Лукпанова Збайда, кадр маманы Бақытнұр Сералиева,  еден жуушы Марал Сағындықова да грамота мен гүл шоқтарына ие болды. Мекеменің кәсіподақ ұйымының және әкімшілік  хаттамасы арқылы ұжымның шешімімен «Облыстық стоматологиялық орталығының» Алғыс хатына , Құрмет грамотасына : медбикелер Бесимбаева Бибіхан Күлмеханқызы, Қощанова Зиба Нұрбайқызы, тіс дәрігері Пелеса Роман Батырбекович, стоматолог маман Бигельдинов Жомарт Мақсатұлы, тіс технигі Қоржинова Алия Мурсалимқызы ұсынылып марапатталды.

    Мекеме әкімшілігі зейнеткер, ардагер мамандарын да марапаттаулардан тыс қалдырмайды. Ұжымдастардың еңбегін құрметтеп марапаттауларға ұсынылып жатырғанда, еңбектері ел есінде жүрген бүгінде зейнеткерлікте болса да мекеме іс-шараларынан тыс қалғысы келмей соңғы жаңалықтарға қуанышпен хабарласып отыратын  осы мекемеде еңбек еткен ардагер мамандарды шақырып марапаттау дәстүрге айналған. Бүгінгі төл мерекеде арнайы шақырылған еңбек ардагері, осы орталықтың бұрыңғы басшысы, өлкедегі стоматология саласының негізін қалаушы ардагер маман Жаңабай Қаржаубайұлы және  стоматологиядағы хирургия саласының білікті бірегей мамандарының бірі зейнеткер Штатбай Дүзенов ағаларымызбен қатар орта буын маман иесі тіс дәрігері қызметін мүлтіксіз 30 жылдан астам балалар дәрігері боп еңбек еткен  Мұханғалиева Ақтілеш Мизамқызы әкімшілік және кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтарға, ұжымдастардың ыстық –ықыласына ие болды.

    Салтанатты жиналыс соңы  музыкалық құттықтауға ұласты. Мереке құтты болып марапаттарыңызға лайық маман болып, денсаулық сақтау саласына үлестеріңізді қосып отбастарыңыз аман, дендеріңіз сау болып жүре беріңіздер демекпін.

     

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Кадр маманы.

    Leave a reply →

Photostream