• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 11 МАЯ 18
    • 0
    Мейірбикелердің  төл мерекесі құтты болсын!

    Мейірбикелердің төл мерекесі құтты болсын!

    Мекемеміздің және басқа медицина ұйымдарының мейірбикелерін төл мерекелерімен құттықтаймын!

    Бүгінгі Мейірбике – емделушінің күтімін ұйымдастырушы, емделушінің күтімін орындаушы, емделушінің ықыласын қорғаушы, кеңесші, зерттеуші, медициналық топтың белсенді мүшесі, көшбасшы.

    Ол денсаулық сақтау саласының негізгі қозғалтқыш күші. Сондықтан, науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірімділік танытып жүрген ақ халатты абзал жандардың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы. Мейірбике өз қызметі барысында ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік, оқытушылық міндеттер сияқты қағидаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған және қазіргі кезедегі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалынып жатқан жұмыстардың барлық белесінде мейірбикелердің адал еңбегінің жатқаны даусыз. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, медициналық алғашқы жәрдемді жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу бағытындағы скринингтік тексерулер, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, басқа да қаншама шаралардың жүзеге асырылуындағы мейірбикелердің қызметтік міндеттері олардың денсаулық сақтаудың барлық саласындағы орнын көрсететіндігінің тағы бір дәлелі. Сондықтан науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі қоғам алдында қашанда бағаланады.

    Облыстық стоматология орталығында 200-ге тарта қызметкер бар. Олардың 42-сі дәрігер стоматологтар болса, 70-тен аса орта буын мамандары. 70 орта буын мамандарды тіс техниктері, тіс дәрігерлері және ал қалған 42-сін мейірбикелер құрайды. Біздің стоматологияның мейірбикелері деп мақтанышпен айта аламын. Біз үшін әр бір мейірбикенің орны бөлек! Стоматолог мамандарымыздың қасында өз үлестерін қосып күнделікті жұмыс барысында дәрігерлер қызметінің 50% — ын менің мейірбикелерім атқарып отыр.

    Әрі маман, әрі ана, сүйікті жар, құдағай, құдаша, апа, сіңлі, құрбы, қарындас болып өмірде нәзік жандылар қатарындағы мейірбикелеріміз бүгінгі күнде Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп өз мамандықтарының жемісін көріп, мейірімді де қайырымды, жаны жайсаң жан болып отбасының ұйытқысы да бола біліп жүргендерін тағы да мақтанышпен айтуға болады!

    Әрі маман, әрі ана, сүйікті жар, құдағай, құдаша, апа, сіңлі, құрбы, қарындас болып өмірде нәзік жандылар қатарындағы мейірбикелеріміз бүгінгі күнде Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп өз мамандықтарының жемісін көріп, мейірімді де қайырымды, жаны жайсаң жан болып отбасының ұйытқысы да бола біліп жүргендерін тағы да мақтанышпен айтуға болады!

    Бүгін мамырдың 11-і күні мекеменің барлық медбикелерін қошеметтеп құрметтеген салтанатты жиналыс өткізілді. Бас медбикеміз Сабақбаева Гүлбаршын Ысқаққызы мекеме медбикелері туралы баяндама жасады, бөлімше меңгерушілері Ажигулов Т.У., А.Қ.Жунусова және кәсіподақ ұйымы төрайымы Б.Ж.Исабаева медбикелерді құттықтады. Мереке қарсаңында әр тойдың шашусыз өтпейтіндігіндей, жақсы көрсеткіштермен, нәтижелі еңбекпен еленіп жүрген бірқатар медбикелер мекеменің әкімшілік және кәсіподақ ұйымы атынан «Алғыс хат» және «Құрмет грамоталарымен» Сариева Светлана Сәуірбайқызы, Бесимбаева Бибіхан Күлмеханқызы, Рамазанова Жұмагүл марапатталса, ҚР денсаулық сақтау министрлігінен «Құрмет грамотасымен» рентген лаборант Утегенова Рахила Вадимқызы марапатталды.

    Мереке күні барша медбикелерді төл мерекелерімен құттықтай отырып, еселі еңбектері еленіп, жемісті де табысты болып, денсаулықтары мықты боп отбастарының амандығын тілейміз.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream