• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 22 АВГ 18
    • 0
    «Мектепке жол» акциясы

    «Мектепке жол» акциясы

    Құрбан Айт қарсаңында ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» әкімшілігі Маңғыстау облысы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған мүжәлсіз отбасындағы 2 балаға көмек көрсетіп, белсенді атсалысты.

    08.01.2004 жылы туылған Гайсина Әсел Инжелқызы және 04.01.2007 жылы туылған Ахмет Нұрсұлтан Мақсатұлына мекеме әкімшілігі ақылы бөлім есебінен әр қайсысына 20 000 (жиырма мың) теңгеден қаржылай көмек көрсетті.
    Ал өз бастамамыз бойынша мекемеде жыл бойы өткізіліп жатқан жылжымалы медициналық көмек түрі «Өмір бойы жарқыраған күлкі» атты кешенді кестесі бойынша бұл балаларға тіс пасталары, тіс щеткалары және тіс күтіміне қатысты кеңестер жинағы қоса берілді.
    Әсел мен Нұрсұлтан балаларымызға және қамқоршыларына алдағы оқу жылында сабақтарына бестік бағалар мен денсаулық тілейміз.

    Камила Дюсегаликызы

    «Облыстық стоматология орталығы»

     

    Leave a reply →

Photostream