• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 14 МАР 18
    • 0
    Назар аударыңыз – плазмолифтинг

    Назар аударыңыз – плазмолифтинг

    Стоматология орталығы тағы бір жаңалықпен қуантпақшы – алдағы уақытта тіс емдеудің озық түрі плазмолифтинг тәсілін енгізу жоспарланып отыр. Ол үшін Германияда шығарылған «APRF SCILOGEX» арнайы қондырғысы алынды.

    Алғашқылардың бірі болып ем жасауға тілек білдірген бірнеше білікті мамандарымыз мастер кластан өтіп, «Plasmolifting» орталығының жетекші маманы хирург имплантолог,американдық имплантолог мамандар ассоциациясының мүшесі, дәрігер ортопед,пародонтолог, ортопедиялық стоматологияның тәуелсіз сарапшысы, «Plasmolifting» компаниясының сертификатталаған маманы Жанделдинов Қайрат Қайырұлы шақырылды.

    Плазмолифтингтің қолданылу аясы өте көп. Стоматологияда дәл осылай, ауыз қуысына қатысты барлық іс шаралар жүзеге асырылады. Плазмолифтинг -көптеген проблемаларды терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық стоматологияда ең сапалы шешу жолдарын айқындап береді.

    Атап айтқанда:

    • пародонт тіндерін нығайту;
    • қызылиектегі қан кетуді тоқтату;
    • қабынуды азайту;
    • тістегі асқынған пародонт ауруларын бәсеңдету;
    • ауыз қуысындағы қатты және жұмсақ тіндерге қарқынды әсер етіп қалпына келтіру;
    • импланттан кейінгі жедел жазылу;
    • зақымдалған сүйек тінін қалпына келтіру,
    • егілуден кейінгі ауырсынуды азайту;
    • ауыз қуысының кілегей қабатын емдеу.

    Плазмолифтинг жүргізу технологиясының сатылары :

    1. Науқасты дайындау,
    2. қан алу,
    3. центрифугалау,
    4. егу.

    Арнайы маманнан оқытылған дәрігерлерімізге сертификаттар табысталды. Бұл сертификаттың ерекшелігі еліміздің кез келген жерінде плазмолифтинг емдеу әдісін қолдануға мүмкіншілік бар.

    Жарқыраған әдемі күлкі мықты денсаулықтың ғана белгісі емес, сонымен қатар мәдениетті элементті, жетістікке жетудің символы болып табылады. Назар аудартып таңғалдырады және жағымды әсер береді. Қазіргі заманауи стамотология кіршіксіз күлкінің иесі болуға толық мүмкіндік береді.

    Терапиялық стоматология —  стоматологиялық қызметтің басым бағыттарының бірі. Емхана дәрігерлері тіс ауруларының алдын алу, асқындырмау мәселелерімен күресу және тіс түсуін болдырмау үшін емдеудің тиімді әдістерін қолданады.

    Заманауи диагностика әдістерінің арқасында тіс жегін және басқа да ауыз қуысының ауруларын уақытында анықтап, тістің саулығын сақтау мақсатында жиі стоматологиялық тексерістен өтіп тұру қажет.

    Мамандарымыз тістеріңізді ұзағырақ сақталуына барлық мүмкіндіктерді қоланады. Ол үшін тістің пішінін, түсін, реңін және функциясын жаңғырту үшін ең жақсы еуропалық сапасы бар материалдар мен заманауи әдістерді қолданады. Соның бірі осы, жоғарыда атап өткен плазмолифтинг.

    Плазмолифтинг әдісін қолдана отырып тісіңізді күтуге мән беріп, әдемі ақ жарқын күлкімен тек алға қарай нық қадам басуға шақырамыз!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream