• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 01 АВГ 17
    • 0
    «Нұр Отан» партиясы кездесуі

    «Нұр Отан» партиясы кездесуі

    27 шілде күні «Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалы Республикалық желілік кестесіне сәйкес Бастауыш партия ұйымы төрағаларымен кездесу өткізілді.
    Күн тәртібінде: 1. Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауының
    іске асыру барысын талқылау мақсаты;
    2. Мүшелік жарна;
    3. Республикалық байқау туралы.
    4. Тағы басқа сұрақтар.
    Кездесуге 45 партия ұйымдарының Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партия мүшелері қатыстырылды.
    Кездесуді Ақтау қалалық филиалы қызметкері Исаев М.С. жүргізді. Шақыртылған бастауыш партия ұйымдарының төрағасы Есетов К.К. Елбасы жолдауының бастауыш партия ұйымдарында іске асыру жұмыстары жөнінде ақпарат берді.
    Сондай-ақ М.С. Жайлыбаев сөз алып, мүшелік жарна туралы мәлімет бере келіп, әр бір мүшенің 245 теңге тұратын жарнаның уақытында төленіп тұруына ықпал етуді тапсырды.
    М.С.Исаев күн тәртібі бойынша «Үздік партия ұйымы» (БПҰ) республикалық байқауының жарияланғанын хабарлап, әр бір бастауыш партия ұйымының қатысуын сұрады. Сайыстың басты мақсаты үздік БПҰ- дарын анықтап, олардың іс-тәжірибесін еліміздің барлық өңірлеріне тарату.
    Медицина мекемелері де «Үздік партия ұйымы» байқауының жеңімпазы болуға толық мүмкіндігі бар дей отырып, Бастауыш партия ұйымының төрағаларының жұмысына сәттілік тілеп, Байқауға атсалысайық деймін.

    Кездесу шолушысы Бақытнұр Қарсыбайқызы
    Облыстық стоматологиялық орталығы

    Leave a reply →

Photostream