• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 04 ИЮН 18
    • 0
    «Облыстық стоматология орталығы» «Маңғыстау перинаталдық орталығы» ауласына тал егіп қайтты

    «Облыстық стоматология орталығы» «Маңғыстау перинаталдық орталығы» ауласына тал егіп қайтты

    Маусымның 1- і күні жаңадан ашылған «Маңғыстау перинаталдық орталығы» ауласына тал егу үшін ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» қызметкерлері барып қатысып қайтты.

    «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,

    Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,

    Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» деп халық даналығында айтылғандай жаңадан бой көтерген бұл орталықтың жан жағын ағаш егумен көмкеруге бекінген медицина қызметкерлері жаппай ағаш егуге өз үлестерін қосты.

    Бұған дейін де жаңа ғимараттың ашылу дайындығы үшін Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 21 мамырдағы № 140 бұйрығына сәйкес тазарту жұмыстарын жүргізілуіне де қатысып көмек қолын созғанбыз.

    Жаңа ғимарат Ана мен Бала денсаулығы үшін өз жұмысын абыроймен бастап, жалғасын таба беруіне, әріптестеріміздің табысты жұмыстары арта берсін демекпіз.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream