• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 24 АПР 18
    • 0
    «Облыстық стоматология орталығы» әкімшілігі  сенбілік жұмыстарын жүргізді

    «Облыстық стоматология орталығы» әкімшілігі сенбілік жұмыстарын жүргізді

    Сәуірдің соңғы 21-і күні ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» әкімшілігі сенбілік жұмыстарын жүргізді. Бұған дейін қызметкерлер ағаш түптерін әктеу, бордюр, сыртқы қақпа, темір торларды бояу жұмыстарын жүргізген болатын.

    Бұл жолғы сенбілікте ер азаматтар ағаш түптерін қопсытып су құюмен айналысып, қалған қызметкерлер ғимарат ішінде жұмыстар атқарды.

    Барлық кабинеттер терезелері, есіктері, едендері, дәліз бойы, қабырғалар, баспалдақтар , тіркеу бөлімі іші, киім ілу іші және тағы басқа көптеген тазалық жұмыстары жүргізілді.

    Қызметкерлер таңертеңгі 8 жарымнан бастап жиналып, түске дейін ұйымшылдықпен барлық жұмыстарды атқарды.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

     

    Leave a reply →

Photostream