• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 08 АПР 19
    • 0
    Сенбілік – тазалық таразысы

    Сенбілік – тазалық таразысы

    Сәуір айы басталысымен cенбілік жұмыстары басталды. ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» қызметкерлері өткізіліп жатырған сенбілікке қатысты.

    Таңертең ертемен жиналған барлық медицина қызметкерлерінің қатарында біздің ұжымдастарымыз сенбіліктің өз деңгейінде өткізуге белсенділіт танытты. Қоғам үшін қажетті іс шындығында жоғары деңгейде өткізілді. Желмен жарысып ұшып жатқан қағаздар, баклашка, бөтелке, әр түрлі сынған нәрселер барлығы тазартылып, көшелердің қалыпқа келтіріліп, кемшіліктердің біраз түзеліп қалғандығы көзге көрініп-ақ тұр. Қап – қап болып қарайған қоқыстар жиналды.

    Көше түгілі қала халқының көпшілігі қоқыс төгілетін арнайы орынға бармай жақын маңнан өздеріне қоқыс алаңын жасап алатыны да бар. Несі бар, жинайтын «Көктем» бар дегендей. Әр бір адам көшені де өз үйіндей қараса тазалық мәдениеті жоғары болары сөзсіз!

    Қысқасы, сенбіліктің жүргізіліп отырылуы өте дұрыс. Сенбілік өткізу дәстүрі қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс және айналып келе жатыр да. Сенбілікке өз басым мектеп қабырғасынан бері қатысатынымды білемін. Мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды.

    Қоғамға пайдасын тигізіп еңбек етіп қаламыз, даламыз және жеке өзіміз үшін жүргізіп жатқан әр қатысушыға  сенбіліктің тигізген пайдасы зор деп ойлаймын.

     

    Дюсегалий Камила

    Облыстық стоматология орталығы.

     

    Leave a reply →

Photostream