• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 09 АПР 18
    • 0
    Спорт пен еңбек егіз

    Спорт пен еңбек егіз

    Сәуір айының бірінші аптасында ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» МКК маман қызметкерлері облыс әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» өңірлік бағдарламасын іске асыру және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған велошеруге қатысты.

    Сондай-ақ дәрігер, медбике, тіс техниктері мамандарымыз қысқы ойын түрлері бойынша Президенттік тестілеу жарысына қатысып өз мүмкіншіліктерін байқап, әріптестер арасында сынға түсті. Мұнда әр түрлі жас шамасына сәйкес түрлі қашықтыққа жүгіру, секіру түрлерінен жарыс өткізілді.

    Спорт пен еңбек егіз ұғым, жұмыс барысында халыққа өз көмектерін ұсынып жүрген мамандарымыздың еңбекпен спортты ұштастырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мәселелері мен 2016 -2020 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасы бойынша өз мүмкіншіліктеріне сәйкес барлық спорттық іс-шараларға белсенді атсалысуда.

    «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады. Ол үшін денсаулық саласында еңбек етіп жүрген әр бір маманның өзінің дені сау болуы қажет, сонда ғана өз денсаулығын түзей отырып басқаға да көмек қолын соза білетін білімді, үлгілі, өнегелі маман бола алады.

     

    Leave a reply →

Photostream