• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 23 ИЮН 17
    • 0
    Стоматологиядағы  білім жетілдіру семинары

    Стоматологиядағы білім жетілдіру семинары

    Маусымның  18-і күні  «Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық ассоциациясының Маңғыстау облысы филиалының» ұйымдастыруымен  Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық стоматологиялық орталығында»  стоматологияның соңғы жаңалықтарын көрсету, оқыту, таныстыру, білім жетілдіру мақсатында тыңдалым және мастер класс өткізілді.  Бұған Ақтау және Жаңаөзен қалаларының  жеке кабинет иелері стоматолог мамандары, барлығы —   27 адам қатысты.

    Мастер класс пен лекция оқушы Санкт-Петербургтен Акулович Андрей Викторович шақыртылды.

    • Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент,;
    • «Стоматологиядағы түстерді тану орталығының» президенті,;
    • Ресейдегі Society for Color and Appearance in Dentistry   (SCAD) Консулы,;
    • И.П.Павлов атындағы мемлекеттік медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының доценті,;
    • «Дентикюр» стоматология клиникасының бас дәрігері,;
    • Цифрлық стоматология директорлар кеңесі ассоциациясының мүшесі,;
    • «Бүгінгі Стоматология» газетінің бас редакторы,;
    • «Эстетикалық стоматология» журналының шеф редакторы,;
    • «Пародонтология» журналының редакторының орынбасары,;
    • «Балалар жасындағы стоматологияның алдын алу» журналының редакторының орынбасары,;
    • DentalWebinar.ru  жобасының негізін қалаушы,;
    • Russian Dental Volunteer Organization негізін қалаушы,;
    • Еуропалық пародонтология Ассоциациясының мүшесі,;
    • Еуропалық пародонтология Федерациясының мүшесі,;
    • Digital Dentistry Society белсенді мүшесі.

    Оқу барысын ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығының» директоры, Маңғыстау облысының бас стоматологы, жоғары санатты әлеуметтік гигена және денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы, Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық ассоциациясының Маңғыстау облысы филиалының» төрағасы Қуат Сағидоллаұлы Машырықов жиналған мамандарды лектор А.В. Акуловичпен таныстырып, алғысөз сөйлеп, оқуды ашып берді.

    Өз кезегінде Маңғыстау облысының мамандарына Акулович А.В. әуелі   «Тістегі түссіздікті жоюдың заманауи  үлгілері» тақырыбында лекция оқыды.

    Тақырып:  —  проблемалық өзектілігі;

    • тіс түсінің өзгеруінің себептері,;
    • қазіргі заманғы тіс түсінің анықтау әдістері,;
    • коронка ішілік тіс ағарту,;
    • үй жағдайындағы ағарту түрлері,;
    • жоғары сезімталды қатты тіс тіндерінің клиникалық алгоритмі,;
    • «тетрациклин тістер» және тістердегі  ақ, қоңыр дақтарды жою әдістері.;
    • тіс пастасындағы ағарту әсері,;
    • ағарту менеджменті.

    Күннің екінші  жартысында мастер класс   «Opalescence Xtra»  жүйесімен,  «Beyond» «ZOOM» лампаларын пайдалану арқылы науқасқа ем жасап көрсетумен жүргізілді.

    Санкт – Петербургтен арнайы келген А.В. Акуловичтің бұл лекциясы және мастер класс өткізуі біздің стоматолог мамандар үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі жеке есепшотыңмен осы оқуға білім жетілдіру үшін Санкт-петербургке жол тартсаң қаншама қаражат жұмсалар еді. Білім нәрімен сусындаған, көптеген жаңа нәрселерге қаныққан мамандар ұйымдастырушыларға да оқытушыға да жылы лебізін білдіріп, өзара тәжірибе алмасып, естелікке суретке түсірілді.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы, кадр маманы

    Leave a reply →

Photostream