• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 07 МАР 18
    • 0
    Стоматологиядағы нәзік жандылар мерекесі

    Стоматологиядағы нәзік жандылар мерекесі

    Ауызбіршілігі өте жоғары, ұйымшыл Облыстық стоматология орталығы ұжымы нәзік жандылар мерекесін атап өтті.
    Ұжымның 80 пайызын нәзік жандылар құрайды. Дәрігер, медбике, әкімшілік, еден жуушылар, тіс техниктері боп сап құрайтын нәзік жандылардың мерекесін мекеменің ер азаматтары бар ықылас пейілімен құттықтады. Гүл және қызыл-жасылды шарлармен безендірілген мәжіліс залы көктемнің салқын күніне қарамастан жылы шуақ шашып тұрды. Ұжым ер азаматтары атынан сөз бастаған директор Қуат Машырықов барлық қыз-келіншектерді шын ниетпен құттықтап, ұлы Абайдың сөздерімен қошеметтеп, әдемі әзілдерімен сөзін бастады. Еңбектері еленіп халық ықыласына бөленіп жүрген бірқатар нәзік жандылар кәсіподақ ұжымы мен әкімшілік атынан бағалы сыйлықтармен, гүл шоқтарымен марапатталды.
    Атап айтқанда дәрігер стоматолог Қойбағарова Азиза Абзалқызы, медбикелер Ихсанова Гүлшара Рахымжанқызы, Зиналиева Лиза Үсенқызы, тіс дәрігері Қожақова Жұпар Инаматқызы, еден жуушы Кесикова Жеңіскүл Сүйеубайқызы марапатталды. Бұл мамандардың әр бірінің еңбек өтілі 10 жылдан жоғары, стоматология саласына сіңіріп жатқан үздіксіз еңбектерін атап өту, мерекеде марапаттау өте орынды.

    Ер азаматтарымыз Ажигулов Т.Ө, Бақытжанов Ғ.Қ., Өсербаев Қ.Қ, Атагой Г.Г және тағы басқа мамандар барлық нәзік жандыларды құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
    Мекеменің әр ауысымдағы 1 ,2,3,4 қабаттарындағы барлық нәзік жандылар үшін ер азаматтары атынан тәттілер үлесітірілді.
    «Күннің шуағы- жылы»Ананың құшағы – жылы» — , дүниеде ананың балаға және барша адамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Аналарымыздың мерекесі тек бір күнмен шектелмей, әр бір күн мереке болсын дейміз!
    Биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекеміз шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарымыз гүлге тола берсін демекпін.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы «Облыстық стоматология орталығы

    Leave a reply →

Photostream