• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 19 МАР 18
    • 0
    Стоматологиядағы сенбілік

    Стоматологиядағы сенбілік

    Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтау қаласы әкімдігінің хатына орай ағымдағы жылдың 17 наурыз айынан бастап 28 сәуір айына дейін «Ақтау қаласы аумақтарын көгалдандыру және санитарлық тазалау іс-шараларын өткізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігі қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» әкімшілігі наурыздың 17-і күні мекемеде сенбілік ұйымдастырды.

    Сенбілікке мекеменің барлық қызметкерлері жаппай жұмылдырылды. Алдын-ала ұйымдастырылу жұмыстары жүргізіліп, атқарылатын жұмыс түрлері анықталып, қызметкерлер топ-тобымен бөлініп, бекітіліп, таныстырылды. Соның нәтижесінде қай жерде қандай жұмыс атақаратыны белгілі әр бір қызметкер шаруашылық меңгерушісінен керек құралдарын алып бірден жұмысқа кірісіп кетті.

    Атап айтқанда ғимараттың іші мен сыртқы аумағы қамтылды. Ғимарат қорғандарының түсіп қалған сылақтары жамалып ағартылып, сырланды. Кіре беріс қақпалар, бардюрлар сырланды. Теректер түптері қопсытылып әктелді, көктемде пайда болатын құрт-құмырсқалардан қорғалып санитарлық тазалау жүргізілді. Гүл отырғызылатын алаңқайлар тазаланып, қопсытылды. Ғимараттың ішіне де тазалық жұмыстары жүргізілді.

    Күннің суықтығына қарамастан сенбілік қызметкерлер арасында қызу қолданып, қарқынды өтті. Алдағы сенбілікте тағы да атқарылатын жұмыс жоспарлары да бекітіліп қойылды.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream