• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 26 МАР 18
    • 0
    Стоматология наурызды қарсы алды

    Стоматология наурызды қарсы алды

    Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Облыстық стоматология орталығында наурыздың 21-і күні аталып өтті.

    Наурыз мерекесін атап өту үшін барлық іс-шаралар қаралып, бағдарлама бекітілді.

    Барлық қазақи ою-өрнегімен безендірілген киіз үй тігілді. Наурыздың және көктемнің нақыштары бейнеленген суреттермен арнайы шақырулар денсаулық саласының басшыларына, әріптес бас дәрігерлерге, ардагерлер мен зейнеткерлерге, жеке стоматологиялық кабинет иелеріне таратылды.

    Мереке күні мекеме қызметкерлерінің барлығы сән-салтанатымен ұлттық киімдермен киініп келді. Қонақтарға қонақ кәде дастархан жайылды, құттықтау сөздері арналып, өнерпаздар да шақырылды. Ұлысты ұлықтау мерекесі кезінде ең әдемі және ұлттық нақышта киім үлгісімен киінген қыз-келіншектерге жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ сәбидің тұсауын кесу кәдесі жасалды. Тұсау кесу рәсімін жүзеге асырған Сағымбаев Әлімжан ағаға сәбидің ата-әжесі шапан жапты.

    Наурыз мерекесі барлық қызметкерлердің ,қонақтардың басын қосып, бағдарлама бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асырып, өз мәресіне жетті.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

     

    Leave a reply →

Photostream