• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 16 ОКТ 17
    • 0
    Тұмаудан сақтан!

    Тұмаудан сақтан!

    Ауа райының біресе жылы, біресе салқын кезі адамдардың денсаулығына әсер етіп тұмау жаппай белең алады. Суық тиіп мұрыннан су тоқтамай жөтел қысса, тұмау соған ұқсас тыныс жолдарына әсер етеді. Тұмаудың алдын алу үшін жылы жүріп жылтыраған күннің шуағына алданбай, гигиенаны да сақтау керек. Түшкіру арқылы тұмау жұғады. Тұмау жұқпалы аурулар қатарына жатқызылады. Жұмыстан қалып, ағзаңыңызға салқын тигізбеу үшін мекемеде тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

    Мекеменің дәрігер стоматолог мамандары, мед бикелер, тіс техниктері және басқа маман қызметкерлер жүргізіліп жатқан вакцинадан қалмай, түгелге дерлік егу шараларына атсалысты. Екпе жұмысы иммундық жүйені жақсартады, екпені жылына тек бір рет салғызу қажет.

    Ең бастысы, жеке гигиенаңызды сақтап, көбірек демалып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстаңсаңыз, айналаңызға тұмау жұқтыру қаупін азайтасыз және өзіңіз де тұмаудан аман боласыз!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream