• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 14 ДЕК 18
    • 0
    Тәуелсіздік тұғырым

    Тәуелсіздік тұғырым

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық стоматологиялық орталығы» мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

    Жиналысты директор орынбасары Тасбулатова Розита Балтабайқызы ашып жүргізді. Жиналыс барысында Желтоқсан көтерілісі арқылы Тәуелсіздігімізге оңайлықпен жетпегеніміз туралы қысқаша айтып өтті.

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

    «Ең бастысы, — деді Р.Балтабайқызы, біздің мекемемізде осы оқиғаға қатысқан көзі көрген, ортасында болған, қатысушылар және куәгерлер, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері де еңбек етеді. Олар, әріптестеріміз, дәрігер стоматолог Ажигулов Тохтар Өтепұлы «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Маңғыстау облысы филиалының төрағасы болса, екінші дәрігеріміз Қосбармақова Баян Құсайынқызы желтоқсан оқиғасының куәгері. Және ауған соғысының ардагері дәрігер стоматолог Элеупов Орынтай Жарылғасұлы! Осы мамандарды бүгінгі күні құрметтеп, қошеметтеп, сөз берейік! – деді.

    «Әлемді дүр сілкіндірген ғасыр қылмысы қазақ жерінде былай басталған еді» — деп Тохтар Өтепұлы желтоқсан оқиғасына қалай қатысқандығы туралы әңгімелеп берді.

    «Мен өзімді пәлендей ерлік жасадым» деп мақтанбаймын. Саяси озбырлыққа бас көтерген мыңдаған қарапайым замандастарыммен алаңға шықтым.» — деп өз сөзін жалғаған Баян Құсайынқызы Желтоқсан оқиғасында көргендерін айтты.

    Орынтай Жарылғасұлы Ауған соғысы туралы қысқа қайырып, осы бейбіт күнге ештеңе жетпейтінін атап өтті.

    Ұжым атынан мамандарымызға бағалы сыйлық ретінде Сақып Керелбаев, Бақытжан Қосбармақов, Нұрлан Құлбай тәрізді жерлестеріміздің бірлесіп жазып шығарған «360 әулиелі Маңғыстау» атты жаңа құнды дүниесі сыйға тартылды.

    Бүгінде бейбіт күннің жаршысы болып жүрген ардагерлерімізді ұлықтап , мекемеге қосылып жатқан жас мамандар алдында ардақтап отыру және зейнеткерлік жастағы мамандарды да шақырып сый-сияпат көрсетіп отыру мекеме басшылығының салған сара жолы іспеттес. Өткені мен бүгінін байланыстыра біліп халық денсаулығы үшін қызмет жасап жатқан үлкен ұжым мүшелеріне денсаулық , табыс, ашық аспан тілейміз!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream