• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 04 МАЯ 18
    • 0
    Футбол чемпионаты

    Футбол чемпионаты

    Сәуірдің 29 –ы мен мамырдың 1-і күндері Алматы қаласында дәрігер мамандар арасында футболдан Қазақстанның бірінші чемпионаты өткізілді.
    Чемпионаттың мақсаты- спортшы дәрігер мамандарының командалар арасындағы үздік ойыншыларды іріктеу. Ал іріктеліп үздік боп танылған ойыншылар ҚР ұлттық құрамасына еніп Прага қаласында өткізілетін жарысқа жолдама алады.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелерден бірнеше мамандар қатысқан бұл біріншілікке біздің мекемемізден дәрігер стоматолог Еркебұлан Жаннат және жеке тіс кабинетінен Айдар Бектубаев қатысты. Еңбек пен спортты ұштастыра білген жас мамандарымызға, жерлестерімізге жарыста сәттілік тілейміз!

    Тек қана Алға!

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream