• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 25 МАЯ 17
    • 0
    «Қазіргі заманның стоматологияның өзекті проблемалары» атты Ү – халықаралық конгресі және  Қазақстан стоматологтарының ҮІІІ съезі өткізілді

    «Қазіргі заманның стоматологияның өзекті проблемалары» атты Ү – халықаралық конгресі және Қазақстан стоматологтарының ҮІІІ съезі өткізілді

    Мамырдың 16-18 күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің стоматология факультеті, Алматы дипломнан кейінгі білім беру стоматологиялық институты және «KAZDENTEXPO – 2017» халықаралық мамандандырылған стоматологиялық көрмесімен бірігіп «Қазіргі заманның стоматологияның өзекті проблемалары» атты Ү – халықаралық конгресі және Қазақстан стоматологтарының ҮІІІ съезі өткізілді. Конгресс жұмысына қатысуға ҚР медициналық универcитеттерінің стоматологиялық-факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, стоматолог дәрігерлер шақырылды.

    Маңғыстау облысынан төмендегі аттары аталған маман стоматологтар делегат ретінде барып қатысып қайтты.

     

    1. Машырықов Қуат Сағидоллаұлы – директор, «ОСО»

    2. Қосбармақова Баян Қусайынқызы – дәрігер стоматолог, «ОСО»

    3. Мухамбетова Айсулу Рашидқызы – дәрігер стоматолог, «ОСО»

    4. Машырықов Елжас Қуатұлы – дәрігер стоматолог, «ОСО»

    5. Нәдір Шәміл. – дәрігер стоматолог, Қарақия ауданы

    6. Қарақұлова Г.Т. – дәрігер стоматолог, Бейнеу ауданы

    7. Нұрбосынов Е. – дәрігер стоматолог, Маңғыстау ауданы.

    8. Ермекбаева Ж. – дәрігер стоматолог, жеке кабинет

    Қатарынан үш күнге созылған бұл конгрестің бірінші күні жалпы ашылу Пленарлық отырыстан басталды.

    Екінші күні халықаралық «KAZDENTEXPO – 2017» көрмесімен жалғасты.

    Үшінші күні әр түрлі өзекті тақырыптағы Мастер-класс, семинар өткізілді. Үш күннің бағдарламасы да өте маңызды мәселелерді қамтып, заманауи құрылғылармен, пломба материалдармен жұмыс жасау үлгілері, тәжірибе алмасу түрлері көрсетілді, айтылды. Сондай-ақ түлектердің 25-30 жылдық кездесу кештері, қонақасы банкет және еңбегі сіңген мамандарды құттықтау бөлімдері де болды. Атап айтқанда Маңғыстау облысы бас стоматологы, стоматология орталығының директоры Машырықов Қуат Сағидоллаұлына университет әкімшілігі қазіргі кезде бірлесіп халықтың денсаулығын қорғау салаларын және университет мәртебесін жоғарылатуға қосқан еңбегі үшін АЛҒЫС ХАТ берілді.

    Делегат ретінде қатысқан біздің мамандарымыз үш күннің барлық бағдарламаларын Мастер класс, семинар, көрмелерді қалт жібермей қатысып, көп нәрсені түйіп қайтты.

    Аса маңызды мәселелерді көтеріп, жыл сайын тың бағдарламаларды жоспарлап ұйымдастырылып өткізілетін мұндай кезекті съезд, конгресс, стоматология саласының барлық мамандарының жұмысының сапасына, нәтижесіне, «Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық Ассоциациясы» Қоғамдық Бірлестігіне және филиалдарына және өлкеміздегі аймақтық стоматология саласының дамуына, жаңғыруына сөзсіз жаңа серпін, бастама беріп ықпал етеді.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы кадр маманы

    Облыстық стоматологиялық орталығы

     

    Leave a reply →

Photostream