• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 19 ИЮН 17
    • 0
    Үздік медбике

    Үздік медбике

    Маусым айының 16-шы күнінен бастап, яғни үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлері күні. Мерекеге орай, Маңғыстауда медицина саласына еңбегі сіңген ардагер мамандармен қатар, қазіргі кезде еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатталды. Маусымның 17-і күні соңғы үлгіде салынған әсем ғимараттардың бірі «Hollyday Inn» салтанат залында Маңғыстау облысы әкімі Е.Л.Тоғжановтың марапаттауымен салтанатты жиналыс өткізілді. Бұл марапаттауға біздің ұжым мүшелері де ұсынылды. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық стоматология орталығы» ұжымының зейнеткері, өлкеміздің стоматология саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан алғашқы жоғары білімді стоматолог маманы болған, ширек ғасыр уақыт басшы қызметін атқарған түлектің байырғы тұрғыны Жаңабай Қаржаубайұлы хирург Н.Пироговтың атындағы төс белгімен марапатталды.


    Жаңабай Қаржаубайұлы Н.Пироговтың өз сөзімен : «Өзгенің бақыты үшін бақытты болу – дәрігер мамандығын таңдаған әр адамның нағыз бақыты» дегендей, медицина саласын таңдап, саналы ғұмырын бір бағытта, бір салада арнағанына қуанышты екенін, бақытты екенін білдірді.
    1986-1987 жылдар аралығында Маңғыстау аудандық ауруханасында мейірбике болған, 1987–1989жылдар аралығында Маңғышлақ облыстық қалалық балалар емханасында, ал 1989 жылдан бастап осы балалар емханасының стоматологиялық бөлімінде, 1997-1999жылдараралығында Облыстық емхананың қайта құрылуына байланысты Ақтау қалалық балалар тіс емханасына ауыстырылып, 2005 жылы бас мейірбике қызметіне бекітілген мейіргеріміз Сабақбаева Гүлбаршын Ысқаққызы «ҮЗДІК» аталыммен марапатталды.
    Барлық Медицина қызметкерлерін марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, Төл мереке құтты болсын деймін!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Кадр маманы

    Leave a reply →

Photostream