• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 20 МАР 19
    • 0
    Әз наурыз – хош келдің!

    Әз наурыз – хош келдің!

    Бүгін 20 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» ұжымы салтанатты да мерекелік жиналыс өткізді.

    Ұжым директоры Қуат Сағидоллаұлы барлық қызметкерлерді шын жүректен келіп жеткен мереке күнімен құттықтады.

    Мекемеде көп жылдан бері қызмет етіп жатқан бірнеше қызметкерлерге кәсіподақ ұжымы және әкімшілік тарапынан «Алғыс хат» пен ақшалай сыйақы берілді.

    Мерекелік бағдарламаға сәйкес бюджет бөлімінің меңгерушісі Азиза Абзалқызының және бас медбике Гүлбаршын Ысқаққызының ұйымдастыруымен дәрігер стоматологтер және медбикелер бірнеше салт-дәстүрлерден көрініс көрсетті. Жаңа туылған нәрестеге ат қойып, бесікке салу және сырға салу салттары өте жақсы көрініс болып, ұжым көтеріңкі көңілде, наурыз көже мен ақ бауырсақтан дәм татты.

    Наурыздан наурызға, амалдан амалға басымыз бүтін болып жете берейік, ағайын!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream