• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 02 МАЯ 18
    • 0
    1 мамыр шеруі

    1 мамыр шеруі

    Стоматология қызметкерлері ынтымақ пен келісімнің белгісі 1 мамыр мерекесіне арналған шеруге бір кісідей атсалысып, қатысты. Мереке күні ақ желеңдерін жамылып, қызылды-жасылды шар, жалаушаларын қолдарына ұстап маман дәрігерлеріміз, медбикелеріміз, тіс техниктеріміз көтеріңкі көңіл күймен Қазақстан халқының бірлігі күні басқа да медицина ұйымдары мамандарымен шеруге шықты.

    Биылғы жыл еліміз үшін өте ерекше жыл, Астана қаласына 20 жыл!

    Ал өзіміздің сүйікті қаламыз Ақтау қаласына 55 жыл толмақшы.

    Маңғыстау түбегінде көптеген этнос өкілдері тұрады. Соның ішінде осы мекемеде де бірнеше ұлт өкілдері қызмет жасайды. Жалпы Қазақстан бойынша 100-ден астам этнос өкілдерінің басын қосып, олардың достығы мен татулығын, ынтымағы мен келісімінің айғағын көрсететін мамыр мерекесі медицина ұйымдары арасында кең көлемде аталып өтілгеніне, бейбітшілік заманда балаларын, немерелерін қыдыртып шеруге алып шыққан қала халқының көңілді жүздерінен байқауға болады.

    Мереке құтты болып, еңбектің табысын, отбасының тамаша сәттерін қызықтай беріңіздер, қымбатты әріптестер!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

     

    Leave a reply →

Photostream