• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 08 ФЕВ 18
    • 0
    2018 жылдың алғашқы есеп беру айы

    2018 жылдың алғашқы есеп беру айы

    ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» әкімшілігінде маман қызметкерлердің ай сайынғы атқарылған жұмыстар санына, сапасына есеп беру жұмыстары үрдіске айналған. 2018 жылдың қаңтар айына есеп беру жиналысы ақпанның 7-сі күні өткізілді.

    Есеп беруші- бюджет және ақылы бөлім меңгерушілері.

    Атап айтқанда бюджет бөлімінің әр бір маман балалар және терапевт стоматологының қанша бала, жасөспірім, ересек, жүкті әйелдер қабылдағаны, оның ішінде алғаш қабылдауда болғандар, кариес, оның терең және беткі түрлері, ауыз қуысын тазалау, емдеу, аяқтау, пульпит, пародонтит, сауықтыру тәрізді жүргізілген ауру түрлеріне есеп беріледі. Диспансерлік есепке алынғандар, шығарылғандар қаралады. Сондай-ақ ең маңыздысы емделген сүт тістері, тұрақты тістер жіктеліп саналады. Қойылған пломбаны анықтап санын шығару және оның сапасына баға беріп, жұмыс барысындағы кемшіліктер мен жетістіктерін айтып отыру, жас мамандардың тәжірибе жұмысының арттыруына септігін тигізеді.

    Ақылы хирургия бөлімінде де әрбір хирург маманның атқарған жұмысы, мысалы алғаш қаралуға келгендер, оның ішінде тіс жұлу, флегмона, санация, шұғыл ота жасау, жоспардағы ота, имплантация саны, стационарға жіберілгендер, сауықтырылғандар, сынық, лимфаденит, абсцесс, сиалоденит, қан кету, карбункул, фурункул, флегмона түрлері анықталынады. Сондай-ақ балалар, жасөспірімдер, ересектер, жүкті әйелдер топ-тобымен жіктеліп есеп жүргізіледі.

    Ақылы ортопедия бөлімінің өз алдына жұмыс саласы бөлек. Мұнда маман ортопедтермен қоса тіс техниктерінің еңбектері сараланады. Керамика, валпласт, протез, тіс қаптамасы коронка, тіс құю, фасетка, жаңа туылған сәбилер үшін обтуратор, тіс түзету үшін брекет, пластинка түрлерінің қанша жасалғанына есеп беріледі.

    Стоматологиялық көмек түрі балалардан өзге ақылы жүргізілетіндіктен хирургия, ортопедия, терапия бөлімінің мамандарының және мекеменің өз қажеттілігін өтеп отыруы үшін тапсырылатын қаражат жоспарына да мән беріледі. Мекеме жарғысында келтірілгендей шаруашылық жүргізудегі қаражат тауып пайдалану даму жоспарына сәйкес өз табысы арқылы қаржыланып заңдылықтарға сүйене отырып мекемеге қажетті стоматологиялық қондырғы, медикаменттер алуға , жалақы төлеуге мүмкіншілік береді. Сондықтан да сапасына қарай ақылы көмек көрсету қатаң түрде касса арқылы жүргізіліп, жоспарды орындап отыру да бақылауға алынған.

    Мамандарымыз азаматтарды қалалық, облыстық дәрігерлік әскери шақыру комиссиясының құрамында болып анықтау жұмыстарымен айналысады.

    Мекеме басшылығының ай сайынғы есеп беру жұмыстарын жүргізіп ұйымдастырып отыруы- осы кәсіпорын қызметінің басты мәні мен басты мақсаты халыққа стоматологиялық көмекті дер кезінде сапалы тиімді медициналық қызмет көрсету, халыққа стоматологиялық көмектің көрсетілетін түрлерінің көлемін кеңейтуге, халықтың денсаулығын нығайту міндеттерін шешуге, апта сайын қордаланып қалатын мәселелерді сапалы және бірлесіп шешуге, мамандардың тәжірибе жұмыстарын арттырып пікір алмастырып отыруына үлкен мүмкіншілік беріп, мамандардың қарым-қатынасының өзара ынтымақты болуына және жалпы жұмыс жүргізілуіне зор ықпалын тигізеді.

     

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Облыстық стоматологиялық орталығы.

     

    Leave a reply →

Photostream