• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 10 ФЕВ 19
    • 0
    2019 жылдың қаңтар айына есеп беру

    2019 жылдың қаңтар айына есеп беру

    ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» мекемесінің дәрігер мамандары 2019 жылдың қаңтар айына есеп беру жиналысын жүргізді.

    Халық денсаулығы үшін көрсетілген стоматологиялық көмекке есеп беру жиналысын жүргізу әр бір ай өткен сайын жүргізіледі.

    Жиналысты ашып бастаған мекеме директоры Қ.Машырықов мекемеге қабылданған екі жас маманды таныстырып өтті.

    Әр бір бөлімше меңгерушісі мінбеге шығып өз бөлімшесіндегі дәрігер мамандардың қанша науқас қабылдағанын және жасалынған ем-дом түрлеріне есеп береді.

    Дәрігер мамандардың мақсаты балаларды қабылдай отырып, тіс күтімі туралы да керекті ақпарат беріп отыру болып табылады.

    Ақылы бөлімнің меңгерушілері қабылданған ересектердің санын санын және қаржылай түсірген пайдаға есеп береді. Қазіргі нарық заңына сәйкес өлкедегі жеке кабинеттерде көрсетілетін көмектермен толықтай деңгейде болуы үшін түсірілген қаржы көбіне қажетті жабдықтарды алуға және мамандардың өзіне жалақы есебінде жұмсалады.

    Жалпы 2019 жылдың басталуы жаман емес. Мамандардың жұмыстан шығуы жоқ. Алдағы жылға жыл жоспары бекітілді.

    Камила Дюсегалийқызы

     

    Leave a reply →