• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 11 МАР 19
    • 0
    8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі

    8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі

    ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» МКК – ұжымының ер азаматтары мекеменің нәзік жандыларын шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтауға арналған салтанатты жиналыс өткізіп, сый-сияпаттар жасады. Бұл күні жиналысты басшымыз Қуат Сағидоллаұлы ашып құттықтау сөздерін арнап, ер мамандарымыз бірінен соң бірі ақ тілектерін ақтарды.

    Бірнеше әріптестерімізге Кәсіподақ ұжымы мен әкімшілік атынан «Алғыс хаты», ақшалай сыйлық және шоқ гүлдері табысталды. Мейірбикелер Күләш Ідірісова мен Жұлдызай Сағындықова, еден жуушылар Алтын Меңдіғұлова, Мария Тұрақбаева, мұрағатшы Кеңшілік Кесикова және есепші Ақниет Олжабаева марапатталды. Сондай-ақ әр бір қабатқа тәтті торттар мен сусындар берілді.
    Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
    Құрметті де қымбатты барлық нәзік жандылар иелері, Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз! Мереке құтты болсын!

     

    Дюсегалий Камила

    Облыстық стоматологиялық орталығы

     

    Leave a reply →

Photostream