• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 19 ФЕВ 18
    • 0
    Fonalser (Германия) аппараты алынып, іске қосылды

    Fonalser (Германия) аппараты алынып, іске қосылды

    Бұдан бұрын 2017 жылы SANDMAN™ Futura аппаратының іске қосылып, облыс халқына сапалы көмек көрсете бастағанымыз туралы жазып, хабарлап тіс емдеуде біршама мүмкіндіктерге жол ашылғанын айтқанбыз.

    Ендігі жаңалық — Fonalser (Германия) аппараты алынып, ақпанның 10 – ы күні арнайы маман шақырылып іске қосылуы.

    Алдашева Майя Ахметқызы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медицина ғылымдарының докторы, профессор, орталыққа келіп аппаратпен қалай жұмыс жасау керектігін, және емдеу ауқымы туралы айтып, 2-3 науқасты қабылдап емдеу жұмыстарын жүргізіп, көрсетіп берді.

    Тіс емдеудің ауыртпай, қорқынышсыз, қауіпсіз тәсілдерін жетілдірудің ең жоғарғы заманауи шегі — Fonalser аппаратының қосылуы болды.

    Fonalser бірегей сапасы эстетикалық нәтижесімен бірге емдеу сапасын қарастыратын стоматолог-жаңашылдар мен пациенттердің талаптарына 100 %   сай келеді. Стоматологтар үшін бұл мейлінше тез ем-шара жүргізуге және шағымдарды болдырмауға негізделген, әсіресе қорқыныш сезімдерін басып, сенімін қамтамасыз етпек.

    Fonalser -ді пайдаланып емдеу ауыртпайды, анестезия жүргізудің қажеттігі болмайды. Физиологиялық және психологиялық ауру айтарлықтай азаяды. Анестезия жүргізуден түсімді жоғалтпас үшін бір келгенде үлкен көмек көрсетуге болады – анестезияның болмауы емдеуді ауыз қуысының бірден бірнеше аймағында жүргізуге мүмкіндік береді . Соның бір мысалы, дәрігер мамандардың қатысуымен, көруімен машықтану ретінде алғашқы емделушілерге 25 жастағы науқасқа фиброма, ал 34 жастағы науқасқа эпулит амбулаторлық ота жүргізілді.

    Fonalser құрал-жабдығын пайдалану кезінде пациенттерде жағымсыздық пен ауырту сезімі аязаяды. Майя Ахметқызының науқастарды емдеп Fonalser-ді сынамадан өткізуінен кейін дәрігерлердің барлығы дерлік осы жаңа құралды күнделікті қолдану жөн екендігін айтты.

    Fonalser арқылы ең бастысы *Қызылиекті және пародонттың алдын алу *стоматологиялық Хирургиялық ота жасау *Ауыз қуысын гигиеналық тазалауға үйрету, тісті кәсіби ағарытып, тазарту *Тіс ағарту, тіс шөгінділерін түсіру *Пульпит, периодонтит, эндодонтиялық ем жүргізу,- Бұл Fonalser-ді пайдалануда негізгі көрсеткіш болып табылады.

    Қазіргі кезде жоғарыдағы емдеу тәсілдерінің сан алуан түрінің көптігіне қарамастан, бұл аппарат арқылы, бір дана болғанымен көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізуге болады. Дәрігер мамандарымыз науқаспен айрықша тіл табысу және ерекше назар аудару жұмыстарын емдеу креслосына отырмастан бұрын бастайды. Дәрігердің қабылдауы және көңіліңізден шыға білу арқылы көмек көрсету – дәрігерге де емделушіге де қуаныш сыйлайды. Fonalser аппараты арқылы тіс жайлы мәселеңіз ауырсынусыз шешіледі. Біздің орталыққа келіп дәрігерлеріміздің қабылдауында болып қайтқанда, ақмаржандай тістеріңізбен жарқырап күлімсірегенде, стоматолог алдындағы қорқынышыңыздан мүлдем құтыласыз. Fonalser-мен емдеу — ең тиімді тәсіл.

    Тісті емдегеннен, аурудың алдын алған жөн. Ол үшін әрбір жарты жылдықта кемінде бір рет стоматологқа көрініп кеңес алып тұрыңыз. Біздің стоматолог мамандарымыз қажет болған жағдайда Сізге ауыз қуысын күнделікті гигиеналық тазалауды үйретіп, емдік тіс пасталарына кеңес бере отырып, ауру, үрейді білдірмейтін Fonalser аппаратымен емдеп, тісіңіздің жарқырап, өзіңізге қуаныш сыйлауына көмектеседі.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы,

    Кадр маманы, «Облыстық стоматологиялық орталығы»

     

    Leave a reply →

Photostream