• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 25 СЕН 18
    • 0
    SIRONA GALILEOS Рентген аппаратына қол жеткіздік

    SIRONA GALILEOS Рентген аппаратына қол жеткіздік

    Облыстық стоматологиялық орталығы облыс пен қала тұрғындарын және қонақтарын тағы да бір жағымды жаңалығымен бөлісіп қуантпақшы. Үлкен қуанышқа бөлеп жатқан Облыстық әкімшілік пен «MAERSK Ойл Казахстан» компаниясы.

    «МАЭРСК Ойл Казахстан» компаниясы Германия заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып Ақтау қаласында тіркеліп Бас сенімхат негізінде басқарушы директор атынан әрекет етуші Филип Джеймс Каннингэм арқылы SIRONA GALILEOS ЗD рентгенаппаратын демеушілік жолмен мекемеге жеткізе отырып сыйға тартып, аппараттың ашылуы салтанаты өткізілді. Ал аппараттың халыққа толықтай қызмет етуі мамандардың арнайы оқытылуынан кейін азғана күндерден соң жүргізіледі.

    «MAERSK Ойл Казахстан» компаниясы өлкемізде болып жатқан өзгерістерден тыс қалмауға тырысады. Өткізілетін түрлі іс-шараларға белсене қатысып, жақсы бастамаларға жанашыр болып жүрген компанияның демеушілік көмегіне ие болу стоматолог мамандарға үлкен жетістік.

    Неміс Sirona компаниясы, рентгенографияға арналған жабдықтарды өндіру бойынша әлемдік көшбасшысы болып табылады. Мекеме басшысы Қ.Машырықов 2015 жылы сәуір айында Германияға «Sirona Dental Systems» заводының рентген аппараттары туралы кеңірек біліп, танысып жұмыс барысында қолдану үшін арнайы іс сапарға барып қайтқан болатын. Мекемеге завод өнімдерін алуға тапсырыс беріп халық игілігіне пайдалану сол кезде бастама болған.

    Біз қол жеткізіп отырған SIRONA GALILEOS Рентген аппараты сәулеленудің ең аз дозасында жоғары сапалы рентген суреттерін ұсына отырып, рентгенографияда жаңа стандарттарды орнатады. Интуитивті басқару және оңтайландырылған жұмыс процесі стоматологиялық емдеу мен үш өлшемді диагностиканың тиімділігін арттырады, жоғары сапалы және мүлдем зиянсыз диагностиканы қамтамасыз етеді. Түсірілген сурет Үш өлшемді болып көрсетіледі. Бұл түсірілімінің тиімділігі де сол, сурет компьютерлік томографтың жадында сақталады және дәрігер-стоматолог мамандарымызға кез келген қиманы, суретті және кез келген проекцияны алуға мүмкіндік беріп, тексеріп қарау кезінде де әртүрлі бұрыштармен айналдыруға және қарастырып көруге болады.

    Бұл аппараттың бірегей диагностикалық мүмкіндіктері стоматология мен жақ-бет хирургиясының түрлі салаларында табысты пайдаланылуына орасан мүмкіндік береді.

    Sirona GALILEOS стоматологиялық компьютерлік томографында түрлі аурулармен және тіс-жақ жүйесінің зақымдануымен ауыратын науқастарды тексеру үшін көрсеткіштер:

    • Эндодонтиялық емдеу кезіндегі асқынулар;
    • Тіс және жақ жарақаттары мен зақымданулары;
    • Имплантация және одан әрі ортопедиялық емдеуді жоспарлау;
    • Тістер мен жақтардың даму және орналасу аномалиялары;
    • Ортодонттық емдеуді жоспарлау;
    • Жоғарғы жақ қуыстарының одонтогенді аурулары;
    • Жақ сүйек тәрізді ісік аурулары (қылқалам ,өсінділер және остеосклеротикалық);
    • Сүйек және жақ-бет аймағының жұмсақ ұлпаларының ісіктері.

    Sirona компаниясының 3D томографтың рентгено-диагностикасына сене отырып, дәрігер-стоматолог мамандарымыз және емделуші пациенттеріміз диагноз қоюдың дұрыстығына және жүргізілген емдеудің жоғары сапасына ие болады.

    Бұл сандық аппарат ең жоғары сапалы бейнелерді бере алады. Ол тек жоғары дәлдікті қамтамасыз етіп қана қоймай, ортопантомографтар мен радиовизиографтардың жұмысы үшін өте маңызды ең аз сәулелік жүктемелер сияқты абыройға ие.

    «Тісі бүтіннің –ісі бүтін», «Тісі саудың — іші сау», «Түзу тісің – шырайлы түсің» деген. Демек халықтың бүгінгі экономикалық әлеуметтік жағдайында бұл салаға мемлекеттік көзқарас қалыптастырып кәсіби деңгейін өсірумен қатар мамандарымыздың халыққа сапалы көмек көрсетуіне жағдайларды жасап отырған мекеме басшылығына және «MAERSK Ойл Казахстан» компаниясына Филип Джеймс Каннингэмге шексіз алғысымызды білдіреміз.

    Сералиева Бақытнұр кадр маманы

    Облыстық стоматологиялық орталығы

     

    Leave a reply →

Photostream