• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 25 ОКТ 19
    • 0
    Бюгелді протездеу семинары

    Бюгелді протездеу семинары

    ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» мекемесінде әр айды қорытындылап семинар сағаттарын жүргізу күн тәртібіне тұрақты қойылған.

    Бүгін ортопедия бөлімінің меңгерушісі Т.У.Ажигулов және дәрігер стоматолог ортопед А.Т.Нысанов бірлесе отырып «Бюгельді протез . Бюгельді протездің артықшылығы және кемшілігі» тақырыбында семинар трениг өткізді.

    Семинар жұмысының мақсаты күнделікті қолданыстағы жұмыс түрлерін слайд және басқа көрнекіліктер арқылы әріптестерге көрсете отырып баяндау, яғни стоматолог маман жасаған еңбегін қорытындылап, бағалау. Сондай-ақ ұжымға жаңа қабылданған жас мамандар үшін де ардагер мамандар үшін де пайдасы мол, өйткені тақырыпты талқылау арқылы тәжірибе алмасып, пікір таластыру ұжымдағы психологиялық жағымды ахуалдың қалыптасуына, кәсіби құлшынысты арттыруға да ықпал етеді. Ардагер мамандар мен жас мамандардың бір бірне және таңдаған мамандықтарына құрмет көрсету атмосферасы құрылады.

    Тақырып айтып тұрғандай Т.Ажигулов және А.Нысанов протездерге тоқтала кетіп, қазіргі заманауи үлгідегі жасалып жатырған бюгельді протездерге тоқтады.

    Протездеуге келген әр бір науқас стоматолог маманның қаралуынан кейін протездеу жұмысын жүргізгенге дейін төмендегі емдеу шараларынан өтеді. Бірден тіс салу жұмысына жүргізіп кетуге болмайды. Ауыз қуысындағы тістерді кәсіби тазарту, хирургиялық дайындық, эндодонтиялық емдеу, қабыну және кариозды жоюлардан кейін протездеу жұмысы іске асырылады.

    протездеудің екі түрі бар: алынбайтын, алынбалы.

    Бюгелді тіс протездерінің негізгі артықшылықтары: — протезге тез үйрену және оны түнде шешудің қажет еместігі. Бюгелді протездер сөйлеуге әсер етпейді және тамақ ішкенде қолайсыздық туғызбайды. Бұлар өте мықты, ыңғайлы, көзге өз тісіңіздей әдемі көрінеді. Кәдімгі қарабайыр бұрыңғы протездерден көрі құнының қымбаттылығы осы жағымды да пайдалы және аллергия тудырмайтын қасиеттеріне байланысты.

    Семинар практикум барысында терапевтер тарапынан С.Санахаева сұрақтар қойып, Тіс технигі Г.Жеткізгенқызы өзінің күнделікті қолданатын тәжірибесінде кездесіп жүрген жұмыстарын да айтып отырып, семинар жүргізушілерге қосымша түсінік беріп отырды.

    Облыс көлеміндегі бірден –б ір мемлекеттік стоматология мекемесінің болашағы үлкен, жыл сайын жас мамандармен толықтырылып отыр, жаңа инновациялық технологиялық үрдістер енгізілуде.

    Семинар практикумның мамандардың білімін тәжірибемен ұштастыруына пайдасы өте мол.

    Тісіңіз ауырып мазаласа 1 шағын аудандағы стоматология мамандарына толықтай сеніммен келуіңізге болады!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

    Leave a reply →

Photostream