• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 27 ФЕВ 20
    • 0
    Денсаулық сақтау министрінің орынбасары О.Әбішев іссапармен Маңғыстауда болды

    Денсаулық сақтау министрінің орынбасары О.Әбішев іссапармен Маңғыстауда болды

    Ақтауда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» Медициналық көмек сапасы мониторингі департаментінің директоры Ләззат Шоманова, «ӘМСҚ» Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев бастаған топ Маңғыстау облыстық ауруханасы, көпбейінді балалар ауруханасы, стоматологиялық емхана және «Сенім» клиникасы сында медициналық ұйымдарға барып, олардың МӘМС жүйесіне дайындығын тексерді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

    Олжас Әбішев дәрігерлермен жиын өткізіп түйткілді мәселелерді шешу жолдарын кейінге қалдырмауға және шұғыл әрекет етуге шақырды.

    Жаңа жүйе дұрыс енгізілсе, денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесі, медициналық көмектің қолжетімділігі, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайту, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз етілетіндігі айтылды. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін статусы анықталмағандарды міндетті түрде анықтау қажеттігін тілге тиек етті.

    Жаңа жүйенің негізгі қағидаларын әлі де кеңінен түсіндіріп, әрбір пациенттің барлық сұрақтарына тұшымды жауап беріліп отыруы керек. МӘМС жүйесі туралы ақпарат кез-келген аурухана мен емдеу орындарында қолжетімді болуы тиіс. Үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Сондықтан емханаларда қызмет тегін көрсетіліп жатыр. Сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді тегін пайдалана алатындығы туралы ақпарат әрбір тұрғын білуі керек, деді Олжас Әбішев.

    Гүлайым ДӘУІТБАЙ

    https://egemen.kz/article/222403-densaulyq-saqtau-ministrininh-orynbasary-oabishev-issaparmen-manhghystauda-boldy

    Leave a reply →

Photostream