• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 23 СЕН 21
    • 0

    МӘМС — тіс емдеуге тиімді жүйе

    Енді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы стомотология қызметін тегін алуға болады. Бұдан бөлек, жедел және амбулаторлық емді тек жүкті әйелдер мен балалар ғана емес зейнеткерлерге де алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар 9 категориялы азаматтарға ем тегін жүргізіледі.

    Зейнеткер Жамыған Тәнова бұрын тісін мемлекеттің ұсынған жеңілдікпен емдететін. Енді, МӘМС жүйесі арқылы стомотолгиялық қызметтерді тегін ала алатынына қуанышты. Оның айтуынша, қазір бұл қызметтерін жеке клиникаларды алу мүмкін емес. Өйткені, бағасы қалта көтермейді дейді қарт кісі.

    Жамыған Тәнова — зейнеткер

    МӘМС жүйесі бойынша  тек зейнет жасындағы тұрғындар емес сондай-ақ, 1,2 және 3-ші топтағы мүгедектер мен көп балалы аналар, «Алтын», «Күміс «алқа иегерлері, жүкті әйелдер, жұмыссыз азаматтар, мүгедек бала асырап отырғандар қызмет алуға мүмкіндік туды.

    Гүлнұр Алтыбаева

    Бүгінде облыстық стоматология орталығы қаладағы жеке клиникалардан артық болмаса, кем емес. Заманауи соңғы үлгідегі құрылғылар, тәжірибелі мамандар барлық науқастарға жоғары деңгейді қызмет көрсетіп отыр. Ахқалаттылар туралы науқастар да жақсы пікірде.  

    Қуат Машырықов — облыстық стоматологиялық орталық директоры

    Мамандардың айтуынша, МӘМС жүйесі енгізгелі медицина саласында оң динамика бар. Мәселен, тіс емханасының өзі соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.  Тіпті дәрігерлерге жалақылары мен қоса сыйақы да тұрақты түрде беріледі. Бұл өз кезегінде жұмыс істеуге серпіліс берсе, науқастарға да айрықша көңіл бөлінбек.

    Leave a reply →

Photostream