• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 19 ФЕВ 22
    • 0
    Семинар «Этика, деонтология»

    Семинар «Этика, деонтология»

    ШЖҚ МКК «Облыстық стоматология орталығы» дәрігер мамандарының ұйымдастыруымен этика , деонтология тақырыбын қамтыған кезекті семинар өткізілді.

    Дәрігер стоматолог В.А.Маракаева, А.А.Қойбағарова, Е.Б.Ердәулетова медицина саласындағы, оның ішінде тіс емдеу саласына қатысты дәрігерлік этика, деонтология тақырыбын кең ашып, барша мамандарға пайдалы ақпарат берілді.

    Медициналық этика және деонтология медицина қызметкерінің пациентке, қоғамға қатынасын және медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасын анықтайды. Семинар барысында деонтология және медициналық этика ұғымын, медицинадағы деонтологияның жалпы принциптері талданды, медицина қызметкері үшін негізгі ережелер айтылды, сонымен қатар Covid-19 пандемиясында қандай этикалық құндылықтарды басшылыққа алу керектігін

    Этика және деонтология медицина қызметкерінің пациентке, қоғамға қатынасын және медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасын анықтайды. Деонтология – мораль мен өнегелілік мәселелері туралы ілім, этика бөлімі.

    Берілген шектеулі уақытта 3 маман, қысқа және нұсқа күнделікті жұмыс барысында көрініс табатын ең қажетті, маңызды ең түрлеріне тоқталып өтті,

    дәрігерлердің мамандыққа деген сүйіспеншілігі, пациенттерге құрмет пен көңіл бөлу, жалпы мейірімділік, сыпайылық, шынайылық, сондай-ақ коммуникативті маңызды белгілердің басым болуы, яғни кәсіби этика мен деонтология ұғымына кіретін қасиеттер пациенттер тұрғысынан ең маңызды деп танылды.

    Осыған орай, медициналық деонтология – бұл медициналық қызметкерлердің пациенттер алдындағы парызы туралы ілім.

    Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің пациенттердің туыстарымен мінез-құлық ережелері және дәрігерлердің әріптестерімен қарым-қатынасы бар.

    Медициналық деонтологияда қарым-қатынастың үш аспектісі бар: медицина қызметкерлерінің науқастармен өзара қарым-қатынасы; медицина қызметкерлерінің науқастың туыстарымен қарым-қатынасы; медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы.

    Этика, деонтология тақырыбындағы өткізілген бұл семинардың маңызы жоғары. Өйткені жоғары білімді және орта буын мамандардың еңбекке араласқаннан кейінгі әуелі ұжымдастарымен, орталыққа келіп емделуші балалармен және олардың ата-аналарымен арадағы қарапайым қарым-қатынасты реттеуге көп септігін тигізеді.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Leave a reply →

Photostream