• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 15 АПР 22
    • 0
    Тіс түзету бойынша семинар сағаты өткізілді

    Тіс түзету бойынша семинар сағаты өткізілді

    ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» МКК дәрігер мамандары арасында кезекті семинар сағаты өткізілді. Бұл жолғы тақырыпты ортодонт мамандар қозғады.
    Емхананың білікті тәжірибелі жоғары санатты дәрігер ортодонты Сұланғалиева Айгүл Амангелдіқызы мен жаңа ғана ортодонтия саласын қолға ала бастаған жас маман Кеңес Асылтас бірігіп, үндестікпен семинарды қызғылықты, пайдалы етіп өткізді.
    Ортодонтия саласы қисық тістерді түзету дегенді білдіретінін аты айтып тұрғандай тақырыптың аты: «Ортодонтиядағы каппа әдісі және емдеу. Инвизиолайндер және тегістеуіштер» .

    Соңынан сұрақтар қойылып, әріптестер өзара күнделікті тәжірибеден мысалдар келтіріп, тақырып талқыланды.
    Қисық тістерді қандай да бір әдіспен емдеп түзетуді бала күннен қолға алған жөн. Өйткені қисайған тістердің иесі деген диагнозды әлем халқының көпшілігіне қоюға болады. Маржандай тізілмеген, түзу емес тістерден психологиялық проблемалар туындайды, ыңғайсыздану сезімі көптеген жерде кеселін келтіріп, адамның жеке өмірінде теріс әсер етеді.
    Ортодонтиялық емдеу тістерді түзету кешенді емдеу жұмысын қамтиды. Тіс қатарына қарапайым пластинка сым тағудан бастап брекет, каппа , хирургиялық аралсау сияқты бірнеше түрерін атауға болады. Голливудтық риясыз күлімсіреудің иесі болу үшін тістерді туралаудың қай әдісін таңдасаңыз да, ортодонтиялық емдеу әрдайым өте ұзақ процесс екенін есте ұстаған жөн.
    Сондықтан сіз оған шыдамдылық танытып, ортодонтиялық аппаратты ұзақ уақыт киюге дайындалуыңыз керек.
    Бұл өткізілген семинар сағатының қатысушыларға маңызы мол болды. Өз қызметін қымбат бағалайтын кейбір коуч мамандарды шақырып шығындалғаннан көрі осылай күнделікті тәжірибе арқылы жинақталатын дәрісті сабақ өткізе отырып пікір алмасу, тәжірибе алмасу басшылықтың халыққа сапалы көмек көрсету үшін алға қойған маңызды мақсаттарының бірі. Мекеме мамандарының білім жетілдіруі де жолға қойылған, дей тұрғанмен жұмыс барысындағы тәжірибені мысал ретінде пайдалана отырып жүргізілетін сабақтардың жиі өткізіліп тұруының пайдасы молырақ.
    Жоғарыда келтірілген каппа туралы білгіңіз келсе немесе өміріңізді өзгертіп, өзіңізді өзгертіп өз тісіңізді күтемін деп талпынсаңыз, сізде тек қана бір жол бар. Ол біздің мекеменің білікті маман дәрігерлеріне келу, қаралу.
    Біз сізді күтеміз: 1 шағын аудан, Тіс емханасы ғимараты, тіркеуі бөлімінің байланыс телефоны 50 54 81 , 50 07 88.

    Б.Қарсыбайқызы кадр маманы.

    Leave a reply →

Photostream