• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 30 ОКТ 17
    • 0
    Балалардың тісін жұлудағы асқынулар

    Балалардың тісін жұлудағы асқынулар

    Дәрігер мамандар арасындағы кезекті семинар сағаттары стоматологияның хирургия саласындағы тіс жұлудағы асқынулар, оның ішінде балалар арасындағы тіс жұлуындағы асқынулар. Кішкентай балаларда тіс ауруы, тіс жегісі өте көп кездеседі. Мекеменің хирург маман стоматологы Өсербаев Қуаныш Құдабайұлы өзінің семинар сағатын тіс жұлудан кейін пайда болатын және тісті жұлуға дейін апаратын асқынулар туралы әңгімеледі. Семинар жалпы жұмыс тәжірибесінде кездесіп жүрген оқиғалар аясында айтылды. Хирургиялық өз атаулары бар асқынудың бірқатар түрлері анықталып, талқыланып көрнекі құрал ретінде слайдтан көрсетіліп отырылды. Семинардың жалпы ең қажетті бөлігі асқынудың алдын алу болғандықтан қысқаша айта кетейік. Қадеңізге жарасын. Бұл тек балалар ғана емес ересектер үшін де өте пайдалы кеңестер.

     

    Жұлынған тістің орнына салынған мақтаны тіс жұлғаннан кейін 15-20 минут өткенде түкіріп тастау керек. Тіс жұлынған соң ауызды бірден шаймаңыз. Өйткені тістің орнына ұйыған қанның аузын ашып жіберсеңіз, қан тоқтамай қалуы мүмкін. Тіс жұлған соң 2 сағат бойы тамақ, сусын ішпеу керек!  Тіс жұлған соң 1 күннің ішінде барынша ыстық тамақ ішпеуге тырысыңыз. Және ыстық суға шомылуға, нақтырақ айтқанда ванна қабылдауға болмайды.    Тістің орнын тіліңізбен «мазалай» бермеңіз.  Тіс жұлғаннан кейін 1 күн ішінде ағзаға салмақ түсіретін ауыр жұмыстардан қашыңыз.  Ал тістің орны қанай бастаса, залалсыздандырылған мәрліні тіс орнына қойып, мәрліні тістеңіз. Тіс жұлынғаннан кейін 12 сағаттың ішінде қан тоқтамаса, міндетті түрде тіс дәрігеріне қаралыңыз. Тіс жұлғаннан кейін ауыртпайтын дәрінің күші кеткенде, тістің орны ауыра бастауы мүмкін. Тіс дәрігеріне хабарласып, қандай дәрі ішуге болатынын сұраңыз. Ал ол дәрі көмектеспеген жағдайда, тіс дәрігеріне барыңыз. Тіс жұлғаннан кейін 1 күннің ішінде тісті тазаламаған дұрыс. Ал тазалаған жағдайда жұлынған тістің орнына тиіспегеніңіз жөн.   Тіс жұлынған соң ауыртпайтын дәрінің күші кеткенде аузыңызды ашып-жабу қиындық тудырса, тіс дәрігеріне барыңыз.  ◊ Кешкісін қанжылым тұзды не содалы сумен немесе дәрігер берген ерітіндімен ауызды шаю керек.
    Бүгінгі кеңесіміз осы.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream