• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 28 АПР 17
    • 0
    Біздің стоматологиялық орталық SANDMAN Futura аппаратына қол жеткізді

    Біздің стоматологиялық орталық SANDMAN Futura аппаратына қол жеткізді

    Тіс емдеуде ересек адамдардың өздері стоматологқа көрінуден қатты қорыққандықтан тіс ауруын уақытша басатын дәрілердің көмегіне жүгінеді де, тіс ауруын асқындырып барып келіп жатады. Тісжегі әлі де кең таралған ауру болып табылады. Ересектердің өзі қорқып жатқанда, балалардың қорқынышын қалай жеңуге болады. Балалық шақтың жанға батқан тіс ауруын ұмыттыратын, ауруды білдірмей емдеп, қорқынышты қалай жеңуге болады.

    Тіс емдеудің ауыртпай, қорқынышсыз, қауіпсіз тәсілдерін жетілдірудің ең жоғарғы заманауи шегі — SANDMAN™ Futura аппаратының пайда болуы болды.

    Бүгінгі күнге SANDMAN™ Futura болашақтағы стоматологиялық секторда неғұрлым сенімді инвестиялардың бірі болып табылады.

    SANDMAN™ Futura бірегей сапасы эстетикалық нәтижесімен бірге емдеу сапасын қарастыратын стоматолог-жаңашылдар мен пациенттердің талаптарына 100 %   сай келеді. Стоматологтар үшін бұл мейлінше тез ем-шара жүргізуге және шағымдарды болдырмауға негізделген, әсіресе балалардың қорқыныш сезімдерін басып, дәрігерге ата-анасының да баланың да сенімін қамтамасыз етпек. SANDMAN™ Futura-ны пайдаланып емдеу ауыртпайды, анестезия жүргізудің қажеттігі болмайды. Физиологиялық және психологиялық ауру айтарлықтай азаяды. Анестезия жүргізуден түсімді жоғалтпас үшін бір келгенде үлкен көмек көрсетуге болады – анестезияның болмауы емдеуді ауыз қуысының бірден бірнеше аймағында жүргізуге мүмкіндік береді

    ”Sandman – әлемдегі ең үздік ауамен микроажарлағыш құрылығы” деген болатын Белгияның Лувендегі,Католик Университетінің профессоры, стоматология докторы, философия докторы Пола Ламбрехт.

    Данияның Аруседегі стоматологиялық мектебінде жүргізілген зерттеу, Sandman құрал-жабдығын пайдалану кезінде пациенттерде жағымсыздық пен ауырту сезімінің азайтылғанын көрсетіп отыр. Пациенттердің  86 % Sandman құрал-жабдығын пайдалану кезінде дәстүрлі борды пайдаланумен салыстырғанда ауыртуы аз болғанын сезінген. Басқа да зерттеулер, екі әдісті де сынамадан өткізгеннен кейін пациенттердің 100 % жуығы ауамен микроажарлағышты қолдану жөн екендігін көрсетіп отыр. Көптеген стоматологиялық университеттер Sandman құрал-жабдығына тестілеу өткізіп, оны қолдануды ұсынуда: Ауамен микроажарлау жүйесі тістің үстіңгі бетін ұнтақпен өңдеу арқасында пломбаны біріктіріп қосуға кепілдік береді. Sandman стоматологтар үшін ең аз амалмен емдеу.

    Сәуір айының басында облыстағы бірден бір мемлекеттік мекеме тіс емдеу орталығы басшылығы осы — SANDMAN™ Futura аппараты арқылы емдеуді іске қосты. Ол үшін Павлодар қаласынан Токатова Айсұлу Темірболатқызы «Unident» фирмасынан арнайы оқытушы, көрсетуші, үйретуші маман шақырылып, ересектер мен балалрды емдеу тәсілдерін көрсетіп, стоматолог мамандарымыз оқытылып, үйреніп алғашқы емделушілерді қабылдай бастады.

    Sandman арқылы Тіс саңылауларын ашу және терең тісжегілерді емдеуді қоса алғанда I-V кластағы жегі түскен қуыстарды препараттау. • Композиттік пломбаларды жою, оның ішінде жылдам турбиналық ұштары бар комбинацияда. • Эмаль мен дентинге жабысудың жақсаруы. • Жақсы жабысу үшін металл мен пластмассаны кондициялау. • Белгілеудің алдында тістің сынық бөлшектері мен МК-тіс қаптамаларын дайындау. • Эмальдың пигменттелуін жою. • Ескі цемент, бүркеншіксіз шеге, қосымша беттерді жою. • Тіс қаптамасын қайта қалпына келтірудің алдында эндодонтикалық емдеуден кейін ауыз қуысын өңдеу. • Темекіқұмардың тіс өңезі мен тіс тасын жою. 18 • Ортодонтикалық аппараттарды белгілеудің алдында тіс тіндерін дайындау (езу). • Жамаудың алдында протездің бетін дайындау. •Туннельді препараттау. *Қызылиекті және пародонттың алдын алу *Ауыз қуысын гигиеналық тазалауға үйрету, тісті кәсіби тазарту *Тіс ағарту, тіс шөгінділерін түсіру *Пульпит, периодонтиттің алдын алу, кариесті емдеу* — Бұл SANDMAN™ Futura-ны пайдалануда негізгі көрсеткіш болып табылады.

    Қазіргі кезде жоғарыдағы емдеу тәсілдерінің сан алуан түрінің көптігіне қарамастан, бұл аппарат арқылы, бір дана болғандықтан тек қана балалардың тіс жегін емдеп жатырмыз. Айсұлу Темірболатқызының үйретіп, машықтандырған балалар дәрігер стоматологі Маракаева Валентина Александровна және қарсы кезектегі Жұмабаева Жазира Бақытжанқызы әрбір сәбимен айрықша тіл табысу және ерекше назар аудару жұмыстарын емдеу креслосына отырмастан бұрын бастайды. Дәрігердің қабылдауы және көңіліңізден шыға білу арқылы көмек көрсету – дәрігерге де емделушіге де қуаныш сыйлайды. Sandman аппараты арқылы тіс жайлы мәселеңіз ауырсынусыз шешіледі. Біздің орталыққа келіп дәрігерлеріміздің қабылдауында болып қайтқанда, ақмаржандай тістеріңізбен жарқырап күлімсірегенде, сәбиіңіздің стоматолог алдындағы болашақтағы қорқынышынан мүлдем құтыласыз.

    Sandman аппараты балалар үшін емдеудің ең тиімді тәсілі. Тісті емдегеннен, аурудың алдын алған тиімді. Ол үшін әрбір жарты жылдықта кемінде бір рет стоматологқа көрініп кеңес алған жөн. Біздің стоматолог мамандарымыз қажет болған жағдайда Сізге ауыз қуысын күнделікті гигиеналық тазалауды үйретіп, емдік тіс пасталарына кеңес бере отырып, ауру, үрейді білдірмейтін Sandman аппаратымен емдеп, бөбегіңіздің тісінің жарқырап, шат-шадыман болып, өзіңізге қуаныш сыйлауына көмектеседі.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы,

    Кадр маманы

     

    Leave a reply →

Photostream