• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 04 ФЕВ 18
    • 0
    Бір күндік семинар өткізілді

    Бір күндік семинар өткізілді

    Облыс стоматологтары ЖШС «ЛУЧ» фирмасының ұйымдастыруымен «DentsplySirona» компаниясының Игорь Лидің жүргізуімен тегін семинар дәрісіне қатысып, білімдерін толықтырып, тәжірибие жинақтады. Бір күн өткізілген дәріске қала, аудандардан барлығы 30 стоматолог маман қатыстырылды.  Порадонтоз, шырышты стоматит ауруларын емдеуде,  тіс тазартудағы соңғы жаңалықтарды енгізе отырып соңғы пломба материалын пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап беріп, лекция тыңдалды.  Қазіргі таңда тұрғындардың 85 %-ы тісжегімен ( кариес ) көп ауырады.  Соған сәйкес стоматологиялық көмекке де көптеп жүгінеді.  Сондықтан да тұрғындар арасында көп кездесетін аурулардың алдын алып, оларға дер кезінде көмек көрсету, заманауи құрал — жабдықтармен жұмыс жасай отырып емделушіге аллергия бермейтін, зиян келтірмейтін тіс пастасынан бастап, салынатын тіс пломбалары туралы қатысушыларға кеңестер, ақпарат берілді.

    — Бір күндік семинарда қатысушыларға жан-жақты толық мәлімет беріп, стамотология саласындағы соңғы жаңалықтарымен бөліскіміз келеді. Өйткені стоматология саласы күн санап қарқынды түрде дамып келеді.Сондықтан да бұл саланы таңдаған маманның соңғы үлгідегі құрал — жабдықтары болуы керек, онымен жақсы жұмыс жасап, тұрғындарға сапалы қызмет көрсете білгені жөн.  Ем жүргізе отырып жеке адамның кейбір медикамент түрлеріне бейімділігін анықтау қажет, қатаң түрде ескеру керек. Шығарылып қолданысқа енгізіліп жатқан дәрі , пломба түрлері өте көп.Біздің саладағы жаңалықтар да көп. Біз мұндай дәрістерді жиі жүргізіп, өзімізге қажетті дүниелерден мамандарымызды қалыс қалдырмауға тырысамыз. Осылайша әр қалада, әр дәрісте жинаған тәжірибиелеріміз, білімімізді алыс жатқан аймақтарға барып, сол жердегі мамандармен бөлісіп, алмасып отыруға асығамыз, барлық тақырыпты қамтығымыз келеді, уақыттың тығыздығына байланысты ең маңыздыларын айтып жеткіземіз. Бұл бір күндік семинар осындай бағытта ұйымдастырылып отыр. Тек ғана оқыту өткізіп қоймай, науқастарды қабылдап, өзімізбен бірге әкелген соңғы үлгідегі құрал — жабдықтармен жұмыс жасауды көрсетіп, шеберлік сабағын да ұйымдастырамыз, — деді Игорь Ли. Сондай-ақ мұндай семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

     

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Кадр маманы «Облыстық стоматологиялық орталығы

     

    Leave a reply →

Photostream