• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 16 ИЮЛ 18
    • 0
    «Гепатиттің алдын алу және зиянды әдеттерден аулақ жүріңіз»

    «Гепатиттің алдын алу және зиянды әдеттерден аулақ жүріңіз»

    Стоматология қызметкерлері «Гепатиттің алдын алу және зиянды әдеттерден аулақ жүріңіз» тақырыбында лекция тыңдады. Өткізуші салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Мустафина Маржан Султановна.

    Вирустық гепатит-кең тараған және қауіпті ауру , оны емдегеннен, алдын алу жеңіл. Сондықтан алдын алудың ең бірінші шарасына, тұрақты түрде жүргізілетін түсіндіру және ағартушылық жұмысты  жатқызу. Адамдар, әсіресе жастар ,гепатит дегеннің не екенін және ол ауруды болғызбас үшін, өздерін қалай ұстауды білулері керек. А және Е гепатиттері нәжіс- ауыз жолымен берілетін болғандықтан алдын алу оңай, ол үшін гигиена ережелерін сақтаса: тамақ ішерде , дәретханадан кейін қол жуу, жуылмаған көкөністерді, жемістерді қолданбау, қайнамаған суды ішпеу. Қауіп қатер тобына кіретін үлкендер мен балалар үшін А гепатитіне қарсы егу жүргізіледі, бірақ міндетті түрде жасалатын егудің календарына кіргізілмеген. Эпидемия кезінде , немесе гепатиттің таралуы жағдайы қолайсыз елдерге барарда вакцинация жүргізіледі. Бала бақшаларының қызметкелеріне және медиктерге А  гепатитіне қарсы егу ұсынылған. Гепатиттің  В,Д,С и G, түрлері қан арқылы берілетіндіктен оның алдын алу А  гепатитінен басқаша.

    Ең алдымен ,ауырытын адамның қанына жоламау,үйткені гепатитті жұқтыру үшін қанның кішкентай бір тамшысы жеткілікті болғандықтан, бір ұстарамен , маникюрдің қайшысымен аурумен бірге қолданса, оңай жұгады. Бұлардың барлығы әр адамның өзінікі болуы керек. Жыныс жолымен берілу мүмкіншілігі аз, бірақ тексерілмеген серіктестермен жыныс қатынасына түсерде презервативті қолдану керек. Етеккір келген кезде жыныс қатынасына тусу,жыныс қатынасына бірінші рет түскенде , немесе басқа жағдайларда, жыныс қатынасы кезінде қан ағатын болса, гепатитті жұқтыру қаупі ұлғаяды. Бүгінгі күнде В  гепатитінен нәтижелі түрде сақтайтын вакцинация болып есептеледі. 90-ы жылдардың аяғынан бастап В гепатитіне қарсы егу міндетті түрде жасалатын егулердің календаріне кіреді. Жаңа туған нәрестеге бір  жасқа дейін 3 вакцинация  жасалады, ең біріншісі перзентханада бала туғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін жасалады. Үлкендер мен жасөспіпірімдер бұл ауруға қарсы егуді өз еріктерімен жасатады,  ал кауіп- қатер  тобындағыларға табанды түрде егілу талап етіледі. Қауіп-катер тобына медицина кызметкелері, қан құйылған аурулар, нашақорлар , В гепатиті кең тараған елдерде тұратын, немесе ол жаққа жиі баратын сапар шегушілер,ауру адамы бар отбасы. Өкінішке орай С гепатитіне қарсы вакцина әлі жоқ. Сондықтан оның алдын алу тек нашақорлықтың алдын алумен шектеледі, донордың қанын тестілеу , жастар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу және т.б.

    Кәсіби ерекшелігіне қарай стоматология саласында маман дәрігерлер: терапевт, хирургтер тікелей қанға байланысты бірқатар емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан қызметкерлердің жұмыс барысында жоғарыда аталған тұрмыстағы жұқтырылуларды ескере отырып, мейлінше сақ болуы қажет. Бүгінгі тыңдалудан мамандар өте қажетті мағұлыматтар алып жұмыс барысында қажеттеріне жарайтындарына жылы лебіздерін білдіріп өтті.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

     

    Leave a reply →

Photostream