• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 10 ИЮЛ 17
    • 0
    Конгресс «Стоматологиядағы инновация»

    Конгресс «Стоматологиядағы инновация»

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Стоматология комитеті және «Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық Ассоциациясы» Қоғамдық Бірлестігі мен «Қазақстан стоматологиялық ассоциациясы» Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастыруымен 2017 жылғы 30 маусыммен 1 шілде аралығында Астана қаласында «Стоматологиядағы инновация» тақырыбында стоматологтардың Халықаралық стоматологиялық конгресі өткізілді.
    Бұл Конгресте Дүниежүзілік Стоматологтар Федерациясының Президенті Patrick Hescot қатысуымен қазіргі заманғы стоматология саласындағы жаңа технологияларды талқылады.
    Осыған орай, облыстардың, қалалардың барлық бас стоматологтары мен стоматолог-мамандары осы Конгреске қатыстырылды.
    Біздің өлкемізден бас стоматолог Қуат Машырықов, «ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығының» стоматолог ортодонты Алтынгүл Ахметова және «27 — 71» жеке кабинет иесі Адашян Ашот Юрьевич қатысып барып қайтты.
    Халықаралық өте жоғары деңгейде өткен бұл конгресте жеке кабинет иесі Ашот Юрьевичке Дүниежүзілік Стоматологтар Федерациясының Президенті Patrick Hescot атынан Грамота табыс етілді.

    Адашян А.Ю. стоматолог маман ретінде 1990 жылдан бері осы Маңғыстау өңірінде өз еңбек жолын бастаған. Калинин мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін бітірген. 1963 жылы 15 қаңтарда Грозный қаласында өмірге келген.
    2000 жылы алғашқылардың бірі болып өз алдына жеке кабинет ашып, күні бүгінге дейін осы кабинетте еңбек етіп халыққа стоматологиялық көмек беріп келеді. Осы кезге дейін шағым болып көрген емес, өз білімін үнемі жетілдіріп облыс стоматологтарымен тығыз байланыста жүретін Ашот үлкен алғысқа ие. Марапаты құтты болып, әрі қарай стоматология саласының дамуына үлесін қосып еңбегің жана берсін дейміз әріптесімізге.
    Конгреске қатысып местер – класстан өз тәжірибесін кеңейтіп, жұмыс барысында пайдалануға мол мүмкіншілік алған Ахметова Алтынгүл де ризашылығын білдірді.
    «Жалпы мұндай конгресс, съезд, көрме жұмыстары жақсы жолға қойылған, бұл медицина саласында стоматологияға деген, стоматолог мамандарға деген жоғары сұраныстың барын және соған орай жоғары емдеу сапасы болуына көп ықпал етеді. Жас мамандарымыздың жиі қатысып тәжірибе алмасып- жинақтауына, ал ардагер мамандарымыздың еңбегіне қарай еленіп отыруына көптеп көңіл бөлуге тырысамыз» — деді бас стоматолог Қуат Сағидоллаұлы.
    Ендеше, бағындырған белестер баянды болашаққа жалғасын таба берсін.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы
    Облыстық стоматологиялық орталығы, кадр маманы.

    Leave a reply →

Photostream