• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 29 ДЕК 18
    • 0
    Мамандарымызға Ақтау қаласының  55 жылдығына байланысты төс белгі тағылды

    Мамандарымызға Ақтау қаласының 55 жылдығына байланысты төс белгі тағылды

    Желтоқсан айы жылдық есептерді тапсыру, жылды қорытындылау, көрсеткіштері жоғары деген мамандарды марапаттау, 50-60 жас сияқты Той иелерін құрметтеу, сыйлық үлестіру, сыйақы беру және Жаңа жылды қарсы алу, алға жоспар құру тәрізді мекеменің қауырт жұмыстарымен қарбалас болып кететін КЕРЕМЕТ уақыт қой!

    Әсіресе мұндай марапаттау кезде ештеңені де ешкімді де қалыс қалдырғың келмейді. Барлығының да риза болғанын қалап отырып, ұжыммен бірге қуанып, ұжымның қуанышы арқылы мекеменің мерейі артып ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІНДЕГІ ОРАСАН ЗОР ЕҢБЕКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫСЫҢДЫ және ТІЛЕКТЕСТІГІҢДІ білдіріп , айқайлап айтып емес іштей марқайып отырасың.

    Бүгін желтоқсан айының 28-і күні 2018 жылды қорытындылаған салтанатты жиналыс өткізілді. Жиналыста жылдағыдай 50-60 жас сиякты мүшел жас иелері құттықталып марапатталды. Сондай-ақ бірқатар мамандарымызға Ақтау қаласының 55 жылдығына байланысты төс белгі тағылды.

    Көшеде келе жатып кейде құмырсқаның илеуіне тап боласың. Илеуге кіріп-шығып, тынымсыз дән тасып жүрген құмырсқалардың еңбегіне тәнті боласың. Меніңше, ұжым мүшелерінің еңбегі дәл осылай, әр бір ұжым мүшесінің атқаратын өз қызметі мен ролі зор.

    Мысалы, бүгін марапатталып жатырған тіс техниктерінің қол өнерісіз дәрігер ортопедтің жұмысы көрінбейді де білініп бағаланбайды да! Мекеме басшысы Қуат Сағидоллаұлының әзіл шыны аралас «ортопедтің бақыты – тіс технигінің қолында!» деп атап өткеніндей әр бір тістің дұрыс шығып, иесіне қызмет ету шеберлігі тіс технигіне байланысты. Біздің марапатталып отырған тіс техниктеріміз: Жұмабай Балмұрзиев, Сембек Әбілқасымов, Бибігүл Азаматова, Рабиға Қалиева, Галя Жеткізгенқызының еңбектері халық көңілінен шығып бағалана берсін! Сондай-ақ Гүлшат Сабырқызы, Бибігүл Исабаева, Баян Қосбармақова дәрігерлеріміздің балалар мен үлкендер көңілінен шығатын, тәжірибелі мамандар. Бас есепші Гүлжұма Құбашева, кадр маманы Бақытнұр Қарсыбайқызы және бас медбике Гүлбаршын Сқаққызы мекеменің бірнеше қосылуы, өзгеруіне қарамастан тұрақты қызмет етіп, өз жұмыстарын жетік білетін мамандар. Марапат иелерінің қатарында директорымыз Қуат Сағидоллаұлы Машырықов пен орынбасары Розита Балтабайқызы Тасбулатова да бар! Мекеменің мекеме болып үздіксіз халыққа қызмет етуі, барлық тыныс-тіршілігі осы басшыларға тікелей байланысты және соған лайық марапаты құтты болсын дейміз! Сондай-ақ дәрігерлер палатасы атынан дәрігер стоматолог хирург Мұхамбетов Төлеген Аманқосұлына және медбике Зиналиева Лиза Үсенқызына арнайы төс белгілер табысталды.

    Жалпы 2018 жыл өте жақсы, жоғары көрсеткіштермен аяқталып жатыр. Келер жылға атқарылмақ жоспарлар өте көп! Жылдан жылға табыстармен жете берейік!

    Дюсеғалий Камила

    Облыстық Стоматология орталығы

     

    Leave a reply →

Photostream