• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 22 АПР 19
    • 0
    Сенбілік сәті

    Сенбілік сәті

    Сәуір айынын басталған сенбіліктер әр кезде әр түрлі шараны қамтып өтіп жатыр. Мысалы, өткен апталарда бүкіл көше, даланы тазаласақ, бүгінгі сенбілікте ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

    Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен елімізде осы мезгілде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» бір реттік акциясы ойдағыдай өтіп келеді. Осы игі шара биыл сәуір айының үшінші сенбісіне, яғни 20 сәуірге дөп келіп «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясын өткізу белгіленген. Акцияға облыс бойынша 25850 екпелер отырғызылып, 7600 адам қатысу жоспарланған. Ақтау қаласы бойынша 20 шағын ауданы мен 19а шағын ауданының арасындағы автокөлік жолының екі бетіне 1000 түп ағаш отырғызылу бекітілді.

    Мекемеміздің дәрігер стоматологтары, есепшілері, тіс техниктері, еден жуушылары барлық қызметкерлері екі топқа бөлініп, жартысы мекеме ғимаратының маңайын тазалауға, ал екінші жартысы аталған іс-шараға қатысып ағаш отырғызуға өз үлестерін қосты. Көктемнің суығына қарамастан көтеріңкі көңіл-күймен сенбілікке шыққан қызметкерлеріміз біршама жұмыстар жасады. Мекеме ғимараты айналасын тазалауға бөлінген мамандар, қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін қопсытумен, әктеумен айналысты. Ал қалған мамандар медициналық басқа мекемелері қызметкерлерімен бірігіп ағаш отырғызу жұмыстарына белсене атсалысты.

    Ағаш отырғызу – ұрпаққа аманат. Көк желек отырғызу – игілікті іс. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ орманға, баққа үлкен мән берген. «Екі тал кессең, он тал ек» деп өсиет еткен. Ислами тұрғыдан да адамға ұрпақ өсіріп, үй салумен бірге, ағаш отырғызу да парыз. Мұның зейнетін түбінде ел көреді. Келер ұрпақтың игілігіне жанға жайлы, ауасы таза, жұпар иісі аңқып тұратын жасыл желек қалдыру – үлкен тарту.

    Суретте сенбіліктен көрініс.

     

    Дюсегалий Камила, облыстық стоматологиялық орталығы.

     

    Leave a reply →

Photostream