• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 02 АВГ 17
    • 0
    «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында  менеджментті  және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында  республикалық конференциясы болып өтті

    «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында республикалық конференциясы болып өтті

    Шілденің соңғы күндері Астана қаласында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында республикалық конференциясы болып өтті.

    Негізгі аудитория әкімдер, әкімдердің орынбасарларын, денсаулық сақтау ұйымдары мен медициналық жоғары оқу орындарының басшыларын, денсаулық сақтау менеджерлерін, ішкі аудит қызметтерінің басшыларын, корпоративтік хатшылар және мүдделі тарап өкілдерін қамтыды. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасынан да біршама мамандар қатысып

    Конференцияға қатысушыларды тіркеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртановтың алғы сөзімен конференция өз жұмысын бастады.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаева «Қазақстан Республикасында менеджмент және корпоративтік басқару саласындағы реформалар», «Самұрық-Қазына» корпоративік университетінің директоры Г.Б.Раисова «Менеджмент пен корпоративтік басқаруды дамыту тәжірибесі», Governance Q Management consulting (GMC) бас директоры Раисова Г.Б. «Қазақстанда корпоративтік басқаруды жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы», «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы» ҚҚ директоры С.Р.Ошақбаев «Денсаулық сақтау экономикасының өзекті мәселелері., макроэкономикадан бастап ұйым ішіндегі тиімді менеджментке дейін» тақырыптарында өзекті мәселелер көтерді.

    Күннің екінші жартысында медициналық мекемелердің бас дәрігерлері күнделікті жұмыс барысында басқару әдістерінің тиімді түрлерін өз тәжірибелерінде іске асырып жатырғандығы туралы баяндады. Атап айтқанда «№2 қалалық емхана» ШЖҚ МҚҚ бас дәрігері Қ.Н.Тохтаров «Корпоративтік басқаруды аймақтарда енгізу туралы» баяндамасын ұсына отырып жұмыста пайдалануға мүмкін әдістерімен таныстырды.

    Сондай-ақ «Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Қ.Қ.Ахметжанов «Тиімді менеджмент іс жүзінде қолдану» тақырыбында баяндамасын оқып таныстырды.

    Өлкеміздің түкпірінен жиналған білікті мамандардың Елбасымыздың жодауын іске асыру барысында әр бір денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту үшін өткізілген бұл конференцияның маңызы өте зор болды.

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

     

    Leave a reply →

Photostream